"Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 277 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 52 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 сәуірде № 3118 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңдарына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардығы № 20 "Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын қайта ұйымдастыру туралы", 2015 жылғы 16 ақпандағы № 37 "Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" қаулыларына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 277 "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2803-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген 2-тарауда:
      16-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 22-1), 22-2) және 22-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "22-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      22-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
      22-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;".
      "Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату" деген 5-тарауда:
      27-тармақта:
      2), 15), 17), 23) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 18-1), 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      26-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26-2) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26-3) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А.Қаныбековке жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева