«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Б.Оспанов
Б.Жылқышиев
Е.Айтаханов
С.Қаныбеков
Е.Садыр
С.Тұяқбаев
А.Абдуллаев
Р.Исаева
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «26» қантардағы
№ 19 қаулысына қосымша
«Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тоқаев көшесі, № 17 үй, пошталық индексі 160000.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге ықпал ету.
15. Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолданады;
4) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындайды.
16. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
17) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
18) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;
19) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
20) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
21) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
22) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
23) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
24) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру жатады.
Мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
межелiк белгiлердiң сақталуына;
жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;
3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарайды;
4) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
5) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
6) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
7) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
8) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
9) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
10) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
11) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға;
12) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;
13) «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқаруға;
14) осы Ережемен, Қазақстан Республикасы заңнамалармен және жергілікті облыс әкімдігімен бекітілген өкілеттіктерді іске асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Оңтүстік Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
2) «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;
3) «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;
4) «Оңтүстік Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
7) сенім хат береді.
«Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Оңтүстік Қазақстан облысының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.