"Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 ақпанда № 3009 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Б.Оспанов
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      Р.Исаева

Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы «26» қаңтардағы
№ 18 қаулысына қосымша

«Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ облыс әкімімен айқындалатын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары болмайды.
      3. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160018, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке-хан даңғылы, 6.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.
      15. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.
      16. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) облыс әкімімен айқындалатын мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асырады;
      2) тапсырыс берушінің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;
      3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
      4) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
      5) конкурстық не аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
      7) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
      8) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;
      9) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;
      10) заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
      11) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне есептеуді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтаруды қамтамасыз етеді;
      12) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
      13) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;
      14) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары деп тану туралы сотқа қуынымдарды жібереді;
      15) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
      17. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      облысының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;
      2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымдық тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұрату және алу;
      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;
      4) Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын іске асыруға дербес жауапты болып табылатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау;
      2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет ету;
      6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;
      7) шарттар жасасу;
      8) сенімхаттар беру;
      9) банктік шоттар ашу;
      10) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
      11) заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларды тәртіптік жазаға тартады;
      12) сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы күресті күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болу.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.