"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 390 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қаңтарда № 3453 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының  қосымшасынасәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

Атырау облысы әкімдігінің 
2015 жылғы "30" желтоқсандағы 
№ 390 қаулысына қосымша  

Атырау облысы әкімдігінің 
2015 жылғы "30" желтоқсандағы
№ 390 қаулысымен бекітілген

"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – басқарма), Атырау қаласы мен аудандарының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) көрсетіледі.
      Өтінімдерді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылды) бастау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген) бекітілген "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт12–қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімі негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі – құжаттарды бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;
      2) бөлімнің басшысы 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді.
      Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды бөлімнің жауапты орындаушысына жолдау;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық болуын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пысықтауға қайтарылады.
      Нәтижесі – құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін комиссияға енгізу;
      4) комиссия бөлімнен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды және өсiру зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі - актілер) жасақтайды, актілер жасақталған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияларды беру немесе беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды және бөлімнің жауапты орындаушысына жібереді.
      Нәтижесі – актілерді жасақтау және субсидияларды беру немесе беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдау;
      5) бөлімнің жауапты орындаушысы комиссия субсидияларды беру туралы шешім қабылдаған жағдайда өтінімді 4 (төрт) сағат ішінде бөлімнің басшысы актілер көшірмелерімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін жазбаша басқармаға жолдайды, ал субсидияларды беруден бас тартқан жағдайда бөлім бас тарту себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      Нәтижесі - өтінімді актілердің көшірмесімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін басқармаға жолдау, ал субсидияларды беруден бас тартқан жағдайда бас тарту себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар ету;
      6) басқарманың жауапты орындаушысы жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызуға немесе оларды өсiруге арналған субсидияларды алуға көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге төлем құжаттарын ұсынады.
      Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінiң (қызметкерлерінiң) тiзбесi:
      1) бөлімнің кеңсе маманы;
      2) бөлімнің басшысы;
      3) бөлімнің жауапты орындаушысы;
      4) комиссия;
      5) басқарманың жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс–қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында, "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің 2–қосымшасында келтірілген.

"Жемiс-жидек дақылдарының және  
жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн  
отырғызу және өсiру (оның iшiнде 
қалпына келтiру) шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша   

Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс–қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

"Жемiс-жидек дақылдарының және  
жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн  
отырғызу және өсiру (оның iшiнде
қалпына келтiру) шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша   

"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы