"Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қазандағы № 310 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қарашада № 3334 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 310 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қазандағы № 310 қаулысымен бекітілген

"Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

       "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы органы -"Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан (жұмыс берушіден немесе шетелдік қызметкерден) өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижеcін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту бойынша қызмет көрсету кезінде www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
       Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      қайта ресімделген рұқсат және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға ұзартылған рұқсат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны:
      көрсетілетін қызметті алушыға (жұмыс берушіге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат) беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – электронды немесе қағаз түрінде;
       көрсетілетін қызметті алушыға (шетелдік қызметкерге) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беру, қайта ресімдеу және ұзарту бойынша – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

       Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш немесе көрсетілетін қызметті алушының (жұмыс берушінің) электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу негіз болып табылады.
       Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды тіркеп, көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның сенімхат бойынша өкіліне) құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен өтінішті тіркеу күні көрсетілген үзбелі талон береді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) құжаттар сәйкес болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттарды Атырау облысының шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) қарауына енгізеді - 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;
      4) комиссия құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге рұқсат беру немесе бас тарту жөнінде ұсыным береді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы комиссия ұсынымдарына сәйкес шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 20 (жиырма) минут ішінде);
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы шешім негізінде қабылданған шешім туралы хабарлама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды - 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған) алғаннан кейін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға 2 (екі) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      11) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қойғаннан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына береді 20 (жиырма) минут ішінде;
      12) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы рұқсатты көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат бойынша оның өкіліне 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.
      Рұқсатты қайта ресімдеу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдайды және 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 20 (жиырма) минут ішінде жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен бекітілген "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарына" (бұдан әрі-Ереже) сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және қайта ресімдеу туралы не қайта ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешімі негізінде хабарлама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты қайта ресімдеу не бас тарту туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы рұқсатты қайта ресімдеу не бас тарту туралы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жолдайды 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған) алғаннан кейін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қойғаннан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына береді 20 (жиырма) минут ішінде;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) рұқсатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.
      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдайды және 20 (жиырма) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және рұқсатты ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешіміне сәйкес рұқсатты ұзарту не бас тарту туралы хабарламаны дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатты ұзарту немесе бас тарту туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы рұқсатты ұзарту туралы немесе бас тарту туралы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдайды және 20 (жиырма) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына 20 (жиырма минут ішінде) жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға 3 (үш) жұмыс күн ішінде ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және рұқсат беру немесе ұзарту не бас тарту туралы шешім қабылдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті беруші басшысының шешіміне сәйкес рұқсат беру немесе ұзарту немесе бас тарту туралы хабарламаны 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсат беру немесе ұзарту не бас тарту туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минут аспайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы рұқсат беру немесе ұзарту не бас тарту туралы хабарламаны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан шығуына кепілдік беретін құжаттардың көшірмелерін (хабарламаны алғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған) алғаннан кейін шетелдік жұмыс күшін жұмысқа орналасуға рұқсат жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қойғаннан кейін оны көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына береді – 20 (жиырма) минут ішінде;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) рұқсатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді;
      шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдайды және 20 (жиырма) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды – 20 (жиырма) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы құжаттардың Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін ұсынады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, рұқсатты қайта ресімдеу не бас тарту туралы шешім қабылдайды және қол қойылған шешімді көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды 20 (жиырма) минут ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға не сенімхат бойынша оның өкіліне рұқсатты 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

       Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) жұмылдырылған:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы;
      Атырау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия (комиссия).
       Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында, "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы 3-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

       Портал арқылы қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталға тiркелудi компьютердiң интернет-браузерiне бекітілген өзiнiң ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң көмегiмен (порталға тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады) жүзеге асырады;
      2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн компьютердiң интернет - браузерiне бекiтуi, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi алу үшiн порталға парольдi енгiзуі (авторландыру процесі);
      3) 1 - шарт – порталда жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН) және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2 - процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, Стандарттың 9-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды бекітіп берумен көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);
      6) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 3 - шарт – порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН немесе БСН арасындағы сәйкестендiру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      8) 5- процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - процесс –көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы сұрау салудың (енгізілген деректердің) толтырылған нысанын және мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған Стандарттың 9-тармағында белгіленген оған бекітіп берілген құжаттарды (электрондық түрде) куәландыру (қол қою);
      10) 7 - процесс – "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйе мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" АЖ МДБ) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тiркеу және өңдеу;
      11) 4 - шарт – көрсетілетін қызметті берушiнiң көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына және рұқсат беру негiздерiне сәйкестiгiн тексеруi;
      12) 8 - процесс – "Е-лицензиялау" АЖ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған мемлекеттiк көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесiн алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.

  "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы






  "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы


      Шартты белгілер:
      


  "Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

"Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде:


шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде:


шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту кезінде:


шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсат беру және ұзарту кезінде:


шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде: