Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 3268 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16–бабының 3–тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139; 27.12.2016 № 305 қаулыларымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 143 "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2935 тіркелген, 2014 жылғы 5 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11018 болып тіркелген) қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 04.12.2015 № 360 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысымен бекітілген

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің бүкіл мәтіні бойынша "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-ға" деген сөздер "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен, "халыққа қызмет көрсету орталығымен", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер Мемлекеттік корпорациямен", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11018 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимыл) басталуы үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген, келіп түскен құжаттарды тіркейді, 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін 30 (отыз) минут ішінде жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қоюға жолдайды;

      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде, 6 (алты) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлік орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсетумен оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркейді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге 30 (отыз) минут ішінде жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін 30 (отыз) минут ішінде жолдайды.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):

      1) 1–процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;

      Егер көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағындағы құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      2) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады;

      3) 3–процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері арызды тіркейді.

      Мәліметтер болған жағдайда 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді;

      Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама берерде ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде) немесе жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою анықтамасын беру кезінде, жылжымайтын мүлік орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне енгізеді және 5 (бес) минут ішінде жинақтаушы секторға береді;

      4) 4–процесс - жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде Мемлекеттік корпорация шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) 5–процесс - көрсетілетін қызметті берушінің әр үдерісінің (әрекетінің) мазмұны осы регламенттің 5-тармағында келтірілген.

      6) 6–процесс - Мемлекеттік корпорация ақпарат жинау секторының қызметкері сканерленген штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғандығы туралы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне 30 (отыз) минут ішінде белгілейді;

      7) 7–процесс - Дайын құжаттарды беретін қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 30 (отыз) минут ішінде береді. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген):

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) және сонымен қатар парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);

      3) 1–шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;

      4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;

      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жолдау;

      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету негіздерінің сәйкестігіне тексеру;

      10) 6-процесс – қызметті алушының құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;

      11) 7-процесс – порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат формасындағы хабарлама) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы



  "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





  "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы



Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы



Кесте. Шартты белгілер



  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысымен бекітілген

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Атырау облысы әкімдігінің 18.07.2016 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен Атырау облысы аудандарының жергілікті атқарушы органдары - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген) бекітілген "Сәулет – жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:

      техникалық шарттарды;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;

      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;

      тік жоспарлау белгілерін;

      жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі - СЖТ) беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға жібереді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды толықтығына тексереді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келесі мерзімдерде қол қоюға береді:

      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалау бойынша:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 5 (бес) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға –14 (он төрт) жұмыс күні;

      техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді жобалау бойынша:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге – 14 (он төрт) жұмыс күні;

      бастапқы материалдарды (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесі, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары) алуға – 16 (он алты) жұмыс күні.

      Стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауап әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызмет алушыға береді немесе көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы 1-қосымшада, "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың №1 диаграммасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):

      1) 1 – процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;

      2) 2 - процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады;

      3) 3 – процесс - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері арызды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, 5 (бес) минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторына қабылданған құжаттарды береді және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізеді;

      4) 4 - процесс - жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияның шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) 5 - процесс - көрсетілген қызметті берушінің әр рәсімнің (іс-қимылының) мазмұны осы Регламенттің 5-тармағында келтірілген.

      6) 6 – процесс - Мемлекеттік корпорацияның ақпарат жинау секторының қызметкері сканерленген штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне 30 (отыз) минут ішінде белгілейді;

      7) 7 - процесс - дайын құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе өтінішті қарауды тоқтату туралы дәлелді жауапты береді. Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін нәтиже одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күнінің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 305 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы осы Регламеттің 3-қосымшасында келтірілген):

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс- көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру үдерісі);

      3) 1 – шарт – порталда тіркелген көрсетілген қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;

      4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын есебімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;

      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;

      7) 4- процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жолдау;

      9) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету негіздерінің сәйкестігіне тексеру;

      10) 6 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;

      11) 7 - процесс – порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қорытындысы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

  "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы


  "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы


Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы



Кесте. Шартты белгілер



  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысына 3-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "10" шілдедегі № 207 қаулысымен бекітілген

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің бүкіл мәтіні бойынша "ХҚКО", "ХҚКО-ның", "ХҚКО-ға" деген сөздер "Мемлекеттік корпорация", "Мемлекеттік корпорацияның", "Мемлекеттік корпорацияға" деген сөздермен, "халыққа қызмет көрсету орталығымен", "халыққа қызмет көрсету орталығының" деген сөздер Мемлекеттік корпорациямен", "Мемлекеттік корпорацияның" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар – Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139; 27.12.2016 № 305 қаулыларымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11018 болып тіркелген) бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 27.12.2016 № 305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      Егер, Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар толық болмаған жағдайда құжаттарды кері қайтарады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде маманға орындауға жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде қол қоюға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешім (Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):

      1) 1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, оларды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді-30 (отыз) минут ішінде;

      2) 2-процесс - құжаттар толық болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді-15 (он бес) минут ішінде;

      3) 3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жинақтаушы секторына ұсынады және мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне енгізеді - 5 (бес) минут ішінде;

      4) 4-процесс – жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде Мемлекеттік корпорация шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің әрбір рәсімінің (іс-қимыл) мазмұны осы регламенттің 5-тармағында келтірілген;

      6) 6-процесс - Мемлекеттік корпорацияның ақпарат жинақтау секторының қызметкері сканерлік штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызметті берушіден алынған құжаттарды Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде белгілейді-30 (отыз) минут ішінде;

      7) 7-процесс – дайын құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорация мұрағатына жолдайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 04.07.2016 № 139 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы



  "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы





  "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы


Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы



Кесте. Шартты белгілер