Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 207 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 шілдеде № 3268 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16–бабының 3–тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi бекітілсін.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 143 "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2935 тіркелген, 2014 жылғы 5 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, нженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысына 1-қосымша    

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысымен бекітілген  

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін (порталда ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға өтініш білдіреді) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделіп, басып шығарылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимыл) басталуы үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың  9-тармағында белгіленген, келіп түскен құжаттарды тіркейді, 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін 30 (отыз) минут ішінде жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қоюға жолдайды;
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде, 6 (алты) жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлік орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсетумен оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті түрде тіркейді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге 30 (отыз) минут ішінде жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін 30 (отыз) минут ішінде жолдайды.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету  орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) 1–процесс – ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;
      Егер көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағындағы құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда, ХҚКО қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      2) 2-процесс – ХҚКО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады;
      3) 3–процесс - ХҚКО қызметкері арызды тіркейді.
      Мәліметтер болған жағдайда 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді;
      Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау туралы анықтама берерде ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту туралы мұрағаттық мәліметтер жоқ болған кезде) немесе жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою анықтамасын беру кезінде, жылжымайтын мүлік орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, ХҚКО ақпараттық жүйесіне енгізеді және 5 (бес) минут ішінде жинақтаушы секторға береді;
      4) Жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде ХҚКО шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) Көрсетілетін қызметті берушінің әр үдерісінің (әрекетінің) мазмұны осы регламенттің 5-тармағында келтірілген.
      6) ХҚКО ақпарат жинау секторының қызметкері сканерленген штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызмет берушіден құжаттарды алғандығы туралы ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне 30 (отыз) минут ішінде белгілейді;
      7) Дайын құжаттарды беретін қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 30 (отыз) минут ішінде береді. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда ХҚКО бір ай ішінде қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) және сонымен қатар парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру процесі);
      3) 1–шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескерумен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету негіздерінің сәйкестігіне тексеру;
      10) 6-процесс – қызметті алушының құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
      11) 7-процесс – порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат формасындағы хабарлама) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

"Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің 
мекенжайын анықтау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 1-қосымша  

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

"Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің 
мекенжайын анықтау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 2-қосымша  

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Қазақстан Республикасының аумағында
жылжымайтын мүлік объектілерінің 
мекенжайын анықтау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 3-қосымша  

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысына 2-қосымша    

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысымен бекітілген  

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт1-қосымшасына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі - СЖТ) беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимыл) басталуы үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркейді және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      Егер, Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар толық болмаған жағдайда құжаттарды кері қайтарады.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды - 5 (бес) жұмыс күні;
      Келесі құрылыс объектілері үшін 14 (он төрт) жұмыс күні:
      электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар; тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
      қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
      елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);
      елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және тағы басқа);
      жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;
      қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;
      көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айырықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары;
      Келесі құрылыс объектілері үшін 2 (екі) жұмыс күні:
      жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын, сонымен бірге жылумен жабдықтау схемасын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеу;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және ХҚКО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) 1–процесс – ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан 5 (бес) минут ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды;
      2) 2-процесс – ХҚКО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады;
      3) 3–процесс - ХҚКО қызметкері арызды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді, 5 (бес) минут ішінде ХҚКО жинақтаушы секторына қабылданған құжаттарды береді және ХҚКО ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізеді;
      4) Жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде ХҚКО шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) көрсетілген қызметті берушінің әр үдерісінің (әрекетінің) мазмұны осы регламенттің 5-тармағында келтірілген.
      6) ХҚКО ақпарат жинау секторының қызметкері сканерленген штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алғандығы туралы ХҚКО-ның ақпараттық жүйесіне 30 (отыз) минут ішінде белгілейді;
      7) Дайын құжаттарды беретін қызметкер, көрсетілетін қызметті алушыға 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда ХҚКО бір ай ішінде нәтижені ХҚКО мұрағатына жолдайды.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы осы регламеттің 2-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) және сонымен қатар парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру үдерісі);
      3) 1–шарт – порталда тіркелген көрсетілген қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеруімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы қоса берген Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және қызмет көрсету негіздерінің сәйкестігіне тексеру;
      10) 6-процесс – қызметті алушының құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
      11) 7-процесс – порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық құжат формасындағы хабарлама) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Көрсетілген мемлекеттік қызмет қорытындысы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат "жеке кабинетіне" жолданады.

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне 1-қосымша      

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің  (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
регламентіне 2-қосымша      

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
регламентіне 3-қосымша      

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысына 3-қосымша    

Атырау облысы әкімдігінің  
2015 жылғы "10" шілдедегі № 207
қаулысымен бекітілген  

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар - Атырау қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) iс-қимылдар тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің (іс-қимыл) басталуы үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      Егер, Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттар толық болмаған жағдайда құжаттарды кері қайтарады.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде маманға орындауға жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылған:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешім (ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
      1) 1-процесс – ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды,  құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған  жағдайда, оларды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді-30 (отыз) минут ішінде;
      2) 2-процесс - құжаттар толық болған жағдайда ХҚКО қызметкері өтінішті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді-15 (он бес) минут ішінде;
      3) 3-процесс – ХҚКО қызметкері қабылданған құжаттарды ХҚКО жинақтаушы секторына ұсынады және мәліметтерді ХҚКО ақпараттық жүйесіне енгізеді - 5 (бес) минут ішінде;
      4) Жинақтаушы сектор құжаттарды жинап, тізілімін құрады және 3 (үш) сағат ішінде ХҚКО шабарманы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      5) 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің әрбір рәсімінің (іс-қимыл) мазмұны осы регламенттің 5-тармағында келтірілген;
      6) 6-процесс - ХҚКО ақпарат жинақтау секторының қызметкері сканерлік штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызметті берушіден алынған құжаттарды ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді-30 (отыз) минут ішінде;
      7) 7-процесс – дайын құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда ХҚКО бір ай ішінде қызмет нәтижесін ХҚКО мұрағатына жолдайды.

"Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша     

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы

"Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша     

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Тіреу және қоршау конструкцияларын,
инженерлік жүйелер мен жабдықтарды
өзгертуге байланысты емес қолданыстағы
ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген
бөліктерін) реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 3-қосымша     

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер