Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 3226 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16- бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Мыналар:
      1. Бекітілсін:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша қатысуға өтініш-сауалнама және Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 20 (жиырма) минуттың ішінде жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минуттың ішінде жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтарады. Егер құжаттар толық болса және заң талаптарына сәйкес келсе 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) қарауына енгізеді;
      4) ӨҮК жобаларды "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдылықтарына сәйкес субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күні ішінде ол тиісті хаттамамен ресімделіп, жауапты орындаушыға жіберіледі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының үзінді көшірмесін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на және тиісті екінші деңгейдегі банктерге Даму Банкіне лизингтік компанияларға жібереді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ӨҮК.
      7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы


  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – жергілікті үйлестіруші);
      2) "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының кеңсесі (бұдан әрі – қаржылық агенттік);
      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) 180 миллион (бұдан әрі – млн.) теңгеден артық емес кредиттер арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша - Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі – ӨҮК), 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржылық агенттігінің алдын ала кепілдік хаты немесе уәкілетті органының қабылданған шешімін көрсете отырып, қабылданған шешім жөніндегі хабарламасы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
      Веб-портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша 1-қосымшасына сәйкес қатысуға арналған өтініш 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11181 болып тіркелген) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдер ұсыну" Мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасына және 180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш";
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және қызмет берушінің басшысына 30 (отыз) минут ішінде жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минут ішінде жібереді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырып, 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттікке жолдайды, 180 млн. теңгеден жоғары заң талаптарына сәйкес келген және толық болған жағдайда 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ӨҮК қарауына ұсынылады.
      Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 2 (екі) жұмыс күн ішінде құжаттарды қайтарады.
      4) ӨҮК 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ӨҮК отырысынан кейін ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамадан үзінді көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жергілікті үйлестірушіге, Банкке және қаржылық агенттікке жолдайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ӨҮК.
      7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және ""Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Қаржылық агенттік арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (қаржылық агенттік арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген):
       н.теңгеден аспайтын кредиттер бойынша:
      1) 1- процесс – кәсіпкер қатысу өтінішімен Банкке жолығады.
      2) 2-процесс – кредит мақұлдағаннан кейін Банк жоба бойынша құжаттарды қаржылық агенттікке 2 (екі) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      3) 3-процесс – қаржылық агенттік құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және кепіл бойынша шешім шығарып, 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Банкке жолдайды, (оң шешімін алғаннан кейін кепіл мен кәсіпкер, Банк және қаржылық агенттік арасында үш жақты келісім–шарт жасақталады);
      9. Жергілікті үйлестіруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (жергілікті үйлестіруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы регламенттің 4-қосымшасында келтірілген):
       н.теңгеден жоғары несиелер бойынша:
      1) 1-кәсіпкер Жергілікті үйлестірушіге жолығады;
      2) 2-процесс – жергілікті үйлестіруші 2 (күн) жұмыс күннің ішінде құжаттар толық болған жағдайда толықтылығын тексеретін қызмет берушіге жолдайды. Заңнаманың талаптарына сәйкес келмесе немесе толық болмаса құжаттарды қайтарады;
      3) 3 процесс – қызмет беруші осы Регламенттің 5–тармағымен қарастырылған іс-әрекетті жүзеге асырады;
      4) 4 процесс – жергілікті үйлестіруші 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін қызмет алушыға жолдайды.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешімдер (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы осы Регламенттің 5-қосымшасында келтірілген):
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі-ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН) сонымен қатар парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторландыру үдерісі);
      3) 1–шарт – порталда тіркелген көрсетілген қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұрау салу нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескеруімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұрау салу нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" (бұдан әрі – ЭҮШ) автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар Стандарттың 9-тармағында және қызмет көрсетудің негіздеріне сәйкестігін көрсетілетін қызметті беруші тексереді;
      10) 6-процесс – қызметті алушының құжаттарындағы кемшіліктерге байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
      11) 7-процесс – көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның ЭЦҚ мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

 

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Қаржылық агенттік арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы


Кесте. Шартты белгілер

      


  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

Жергілікті үйлестіруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

 

      


  Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5-қосымша

Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

      


Кесте. Шартты белгілер


  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 3-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бисзнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер"

      1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: грантты беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының және 9–тармағымен көзделген құжаттар қатысуға еркін нысан бойынша өтініш табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минуттың ішінде жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжатттардың толықтығын тексереді. Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтарады. Егер құжаттар толық болса және заң талаптарына сәйкес келсе 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның қарауына енгізеді;
      4) Конкурстық комиссия құжаттарды қарайды және шешім қабылдайды, ол грантты беру/бермеу мүмкіндігінің себептерін көрсетумен хаттамамен ресімделеді және 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолданады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесіне (бұдан әрі - ӨҮК) Конкурстық комиссия хаттамасын қарау үшін жолдайды;
      6) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және гранттар беру мүмкіндігі /немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жолданады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың үзінді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Конкурстық комиссия мүшелеріне шарт жасасу үшін жібереді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келісім-шарт жасасады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) Конкурстық комиссия;
      5) ӨҮК.
      6. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша

Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы


  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 4-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) регламенті" облыстың жергілікті атқарушы органы көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші).
      Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      2. Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылды) бастауға негіз болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағымен көзделген құжаттар және қатысуға еркін нысан бойынша өтініш табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмері және күні) құжаттарды қабылданғанын растау болып табылады. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға 30 (отыз) минут ішінде тіркеу мөртаңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні), өтініштің көшірмесі беріледі және материалдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға 20 (жиырма) минут ішінде құжаттар қайтарылып беріледі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы материалдармен танысады және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды зерделейді және 11 (он бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына енгізеді;
      4) ӨҮК жобалардың "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдылықтарына сәйкес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы бағдарлама шеңберінде шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделіп және 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға жіберіледі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК хаттамасының үзінді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және тиісті Банктерге/Даму Банкіне жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) ӨҮК.
      5. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы


  "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышы және тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 26.04.2016 № 93 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы