1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 152 "Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2940 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығының қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 1-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы орган, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
Қолданыстағы кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухаттарды қабылдауды екінші деңгейдегі банктер, Даму банкі, лизингтік компаниялар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнама және Стандартының 9 тармағымен көзделген құжат негіз болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 20 (жиырма) минуттың ішінде жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 30 (отыз) минуттың ішінде жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтарады. Егер құжаттар толық болса және заң талаптарына сәйкес келсе 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) қарауына енгізеді;
4) ӨҮК жобаларды "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарастырады және өңірдің басымдылықтарына сәйкес субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күні ішінде ол тиісті хаттамамен ресімделіп, жауапты орындаушыға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының үзінді көшірмесін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на және тиісті екінші деңгейдегі банктерге Даму Банкіне лизингтік компанияларға жібереді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша |
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2- қосымша |
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 2-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы орган, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады (бұдан әрі - Қор).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қатысуға өтініш және Стандарттың 9 тармағымен көзделген құжаттар.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минут ішінде жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 1 (бір) сағат ішінде жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 1 (бір) сағат ішінде құжаттарды қайтарады.
4) Егер құжаттар толық болса және заң талаптарына сәйкес келсе 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына енгізеді;
5) 4) ӨҮК 8 (сегіз) күнтізбелік күн ішінде жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
6) 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ӨҮК отырысынан кейін ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамадан үзінді көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Қор және Банкке жолдайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы 2- қосымшасында келтірілген.
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 3-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: грантты беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қатысуға өтінім және Стандартың 9 тармағымен көзделген құжаттар.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 30 (отыз) минуттың ішінде жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжатттардың толықтығын тексереді. Егер құжаттар толық болмаса немесе заң талаптарына сәйкес келмесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды қайтарады. Егер құжаттар толық болса және заң талаптарына сәйкес келсе 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның қарауына енгізеді;
4) Конкурстық комиссия құжаттарды қарайды және шешім қабылдайды, ол грантты беру/бермеу мүмкіндігінің себептерін көрсетумен хаттамамен ресімделеді және 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолданады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Өңірлік үйлестіру кеңесіне (бұдан әрі - ӨҮК) Конкурстық комиссия хаттамасын қарау үшін жолдайды;
6) ӨҮК талқылау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және гранттар беру мүмкіндігі /немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жолданады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың үзінді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен Конкурстық комиссия мүшелеріне шарт жасасу үшін жібереді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және көрсетілетін қызметті алушы 15 (он бес) жұмыс күні ішінде келісім-шарт жасасады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) Конкурстық комиссия;
5) ӨҮК.
7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша |
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде гранттар беру" Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысына 4-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстық жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Өңірлік үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі - ӨҮК) отырысы хаттамасының үзінді көшірмесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) басталуына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қатысуға өтініш және Стандарттың 9 тармағымен көзделген құжаттар.5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмері және күні) құжаттарды қабылданғанын растау болып табылады. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келсе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға 30 (отыз) минут ішінде тіркеу мөртаңбасы қойылып (кіріс нөмірі, күні), өтініштің көшірмесі беріледі және материалдар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай келмесе, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен көрсетілетін қызметті алушыға 20 (жиырма) минут ішінде құжаттар қайтарылып беріледі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы материалдармен танысады және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды зерделейді және 11 (он бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына енгізеді;
4) ӨҮК жобалардың "Бизнестің жол картасы -2020" бағдарламасының критерийлеріне сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдылықтарына сәйкес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы бағдарлама шеңберінде шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделіп және 2 (екі) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға жіберіледі;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ӨҮК хаттамасының үзінді "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және тиісті Банктерге/Даму Банкіне жібереді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жауапты қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) ӨҮК.
7. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында және "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процесс анықтамалығы 2-қосымшасында келтірілген.
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы
"Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2- қосымша |