1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 тіркелген, 2014 жылғы 15 қарашадағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы "облсытық" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
орыс тіліндегі мәтінде 3-тармақтағы "переофорление" деген сөз "переоформление" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтағы "ветиринарными" деген сөз "ветеринарными" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Ғ. Дүйсембаев |