Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 3034 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 05.01.2015 N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстар түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Қ. Ілебаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Базарханов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудан әкімдігінің 2014 жылдың 8 қазандағы № 319 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстар түрлері

      1. Тұрмыс қалдықтарды жинау
      2. Аумақты мұздан тазалау
      3. Аумақты қардан тазалау
      4. Қоқым-соқымнан аумақты тазалау
      5. Тұрмыс қалдықтан аумақты тазалау
      6. Аумақты арам шөптен тазалау
      7. Қоқым-соқымды жинау және шығару
      8. Шөптерді жұлу
      9. Ағаштарды кесу
      10. Ағаштарды ақтау
      11. Ағаштар отырғызу
      12. Шөп шабу
      13. Ғиммараттарды ақтау
      14. Ғиммараттарды бояу және тағы да басқа жөндеу жұмыстар