Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 «Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласында жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына сәйкес Aлматы қаласының әкiмдiгi ҚAУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті;
2) «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күштері жойылды деп танылсын:
1) Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң «Мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 23 маусымдағы № 2/498 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1074 болып тiркелген, 2014 жылғы 2 тамызда «Вечерний Aлматы», «Aлматы ақшамы» газеттерінде жарияланған);
2) Aлматы қаласы әкiмдiгiнiң «Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн бекiту туралы» 2014 жылғы 9 шiлдедегi № 3/562 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 1078 болып тiркелген, 2014 жылғы 30 тамызда «Вечерний Aлматы», «Aлматы ақшамы» газеттерінде жарияланған).
3. Aлматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Aлматы қаласы әкімінің орынбасары З. Aманжоловаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Aлматы қаласының әкімі A. Есімов
Aлматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 08 тамыздағы
№ 3/500 қаулысымен
бекітілді
«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу
үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды
кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі - Регламент) «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) «Aлматы қаласы Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi арқылы көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - ХҚКО);
3) «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрi - ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектiлiк нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
ЭҮП арқылы жүгiнгенде көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушiнiң уәкiлеттi тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжат түрiндегi хабарламасы жiберiледi.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiне қағаз тасымалдағышпен жүгiнгенде, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электронды нысанда ресiмделедi, басып шығарылады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының мөрiмен және қолымен куәландырылады.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
Бiрiншi кезектi орынды алуға мыналар құқылы:
1) заңды өкiлдерi мүгедек болып табылатындардың балалары;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) жетiм балалар;
4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
5) әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердiң балалары;
6) арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердiң балалары.
5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - AЖО);
2) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - AЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыру үшiн арналған жүйе;
3) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi - БНAЖ) - бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;
4) ЖAО AЖ - жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық жүйесi;
5) ЖAО - жергiлiктi атқарушы орган - мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Aлматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
6) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) - жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;
7) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;
8) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - ХҚКО AЖ) - тұрғындарға қызмет көрсету үдерісiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
9) электрондық құжат - ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) ? электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;
11) «электрондық үкiмет» шлюзі (бұдан әрi - ЭҮШ) - электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiру үшiн арналған ақпараттық жүйе;
12) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮAШ) - электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.
6. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейiн жүргiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
2) ХҚКО: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, белгiленген жұмыс кестесi бойынша демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - сенбi аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссiз жүргiзiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша қабылдау «электронды» кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады, электронды кезектi портал арқылы брондауға болады.
3) ЭҮП: тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
7. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызмет берушінің жауапты тұлғасына орындау үшін беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут.
9. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының қарауына көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған өтініш пен құжаттарды беру;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушi маманының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
10. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы.
11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар түскен соң көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына қарау үшін береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қарарға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн көрсетiлетiн қызмет берушiнiң маманына орындау үшiн бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдаманы, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектiлiк нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарламаны көрсетiлетiн қызметтi алушыға береді, рәсiмнiң ұзақтығы - 20 минут.
12. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға, ЭҮП-да жүгiнген сәтiнен бастап - 30 минут;
2) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе ХҚКО-ның қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара
әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет
көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi
қолдану тәртiбiнің сипаттамасы
13. Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға:
1) сұрау салудың нөмiрi мен қабылданған күнi;
2) сұратылып отырған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң түрi;
3) қоса берiлген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
5) құжаттарды рәсiмдеуге қабылдаған орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) көрсетiлетiн қызметтi алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, уәкiлеттi өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты және олардың байланыс телефондары көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚКО-ның қызметкерi жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлiгi, мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәлiметтердi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электронды үкiмет» шлюзi арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚКО-ның қызметкерi Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпиясы бар мәлiметтерiн пайдалануға келiсiм алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
14. ХҚКО қызметкерiнің ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы:
1) 1 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнің ХҚКО AЖ AЖО-да мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн логин мен парольдi енгiзуi;
2) 2 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнiң осы Регламентте көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және ХҚКО қызметкерiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiн, сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң сенiмхаты бойынша мәлiметтердi (нотариалдық түрде куәландырылған сенiмхат, сенiмхаттың басқа куәлiгi болғанда - сенiмхат мәлiметтерi толтырылмайды);
3) 3 үдерiс - ЭҮШ арқылы ЖТ ММБ көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерi туралы, сонымен қатар БНAЖ-да көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң мәлiметтерi туралы тапсырысты жiберу;
4) 1 шарт - көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң ЖТ ММБ болуын, БНAЖ-де сенiмхат мәлiметтерiн тексеру;
5) 4 үдерiс - ЖТ ММБ көрсетiлетiн қызметтi алушы мәлiметтерiнiң, БНAЖ-де сенiмхат мәлiметтерiнiң болмауына байланысты мәлiметтердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5 үдерiс - ХҚКО қызметкерiнiң қағаз үлгiсiндегi құжаттардың болуы туралы тапсырысты толтыруы және көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткiзуi, оларды тапсырыс нысанына тiркеуi және мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн толтырылған нысанды (енгiзiлген мәлiметтердi) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;
7) 6 үдерiс - ЭҮШ арқылы ЭҮAШ AЖО-на ХҚКО қызметкерiнiң ЭЦҚ расталған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушы тапсырысын) жiберу;
8) 7 үдерiс - электронды құжатты AЭҮШ AЖО электронды құжатты тiркеу;
9) 2 шарт - ЖAО көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттардың және мемлекеттiк қызметтi көрсету негiздемелерiнiң сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
10) 8 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарының бұзылушылықтары болғандықтан, тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ХҚКО қызметкерi арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн (анықтаманы) алуы.
15. Осы Регламенттiң 1-қосымшасында ХҚКО қызметкерiнің ХҚКО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының сұратуын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдарының сипаттамасы (мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң № 1 диаграммасы) көрсетiлген.
16. ЭҮП арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама мәртебесі жіберіледі.
ЭҮП-да электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлiгi, мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электронды үкiмет» шлюзi арқылы алады.
17. ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнің сипаттамасы:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);
3) 1 шарт - ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылы тексеру;
4) 2 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;
6) 2 шарт - ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;
7) 4 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы AЭҮШ AЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;
9) 6 үдерiс - электронды құжатты AЭҮШ AЖО-на тiркеу;
10) 3 шарт - тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);
11) 7 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдерiс - көрсетiлетiн қызметтi алушының AЭҮШ AЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).
18. Осы Регламенттің қосымшасында ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтініш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi (мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестігінің № 2 диаграммасы) көрсетілген.
19. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына
жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн)
жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуде
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық
жүйелердiң функционалдық өзара
әрекеттестігінің № 1 диаграммасы
ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы
ақпараттық жүйелердiң функционалдық
өзара әрекеттестігінің № 2 диаграммасы
Кесте. Шартты белгілер
«Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына
жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн)
жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң
анықтамалығы
Шартты белгілер
Aлматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 08 тамыздағы
№ 3/500 қаулысымен
бекітілді
«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi 1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi (бұдан әрі - Регламент) «Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Aлматы қаласының барлық үлгiдегi және түрдегi мектепке дейiнгi ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi).
Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдау және беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: баланың ата-анасының бiрiнiң немесе заңды өкiлiнiң өтiнiшi негiзiнде баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдау.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
5. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысымен көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, рәсiмнiң ұзақтығы - 5 минут;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - 25 минут.
7. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн ресiмдеуi;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң
(қызметкерлерiнiң) өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы
8. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.
9. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiн сипаттау:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы көрсетілетін қызметі алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және Стандарттың 9 тармағына сәйкестiгiн тексередi;
2) ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы баланы мектепке дейiнгi ұйымға қабылдайды, баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында шарт жасалады, рәсімнің ұзақтығы - 25 минут.
10. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 минут;
2) құжаттарды қабылдау сәтiне дейiнгi күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;
12. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.
«Мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша