Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы N 2/498 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 шілдеде N 1074 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 тамыздағы № 3/500 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Асенкритов ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 1 "Асенкритов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-162 тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селоларының", "селосының", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылдарының", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Асенкритов ауылдық
      округінің әкімі                            А. Бердалинов