Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 1194 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1004 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда "Алматы ақшамы" №127 және "Вечерний Алматы" №131 газеттерінде жарияланған);
      2) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 186 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1014 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсанда "Алматы ақшамы" №152 және "Вечерний Алматы" №154 газеттерінде жарияланған);
      3) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІV сессиясының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 205 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1023 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда "Алматы ақшамы" №29 және "Вечерний Алматы" №30 газеттерінде жарияланған);
      4) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІІ сессиясының 2014 жылғы 13 маусымдағы № 238 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1062 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Алматы ақшамы" №79 және "Вечерний Алматы" №77 газеттерінде жарияланған);
      5) "Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХXІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 267 шешімінің 1 тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1087 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қазанда "Алматы ақшамы" №125 және "Вечерний Алматы" №126 газеттерінде жарияланған).
      3. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының XLI сессиясының төрайымы А. Мұсабаева
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

  Алматы қаласы
мәслихатының
2015 жылғы 23 шілдедегі
№ 347 шешіміне
қосымша

Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Алматы қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай немесе заттай нысанда көрсетіледі.
      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Алматы қаласында статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – коммуналдық мемлекеттік мекеме "Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" (бұдан әрі - Басқарма);
      8) уәкілетті органның аудандық бөлімдері - әлеуметтік көмек көрсетуші Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі - аудандық бөлімдер);
      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
      11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.
      12) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
      13) әлеуметтік бейімдеу бойынша шаралар – мүгедектерді әлеуметтік оңалту, арнайы әлеуметтік қызмет түрінде әлеуметтік орта жағдайына бейімделу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте өзге де жергілікті бюджет есебінен (тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтар санаттарына әлеуметтік көмек) қарастырылған мемлекеттік қолдау мақсатында ұсынылады
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Алматы қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек өтінішті қарау мерзімінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде тағайындалады.
      Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылдың 28 тамызында № 5757 тіркелген) бекітілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.
      7. Әлеуметтік көмек шартты әлеуметтік көмек және әлеуметтік көмек ретінде көрсетіледі.
      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігін Алматы қаласы әкімдігінің ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.
      9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Алматы қаласы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      10. Әлеуметтік көмек алушылар ұсынған мәліметтерінің растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      11. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызуға мыналар негіз болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;
      3) әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
      4) жан басына шаққандағы орташа табыстың Алматы қаласы мәслихатымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауы.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Алматы қаласы мәслихатымен бекітілген азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Алматы қаласы әкімінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      13. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек) отбасының әрбір мүшесіне (адамға) жан басына шаққандағы табысы Алматы қаласында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда көрсетіледі.
      14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектен басқасын арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
      Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Алматы қаласында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Алматы қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан тұрақты жерінде тіркелуі бойынша аудан бөліміне өтінішке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13 тармағындағы құжаттарды қоса өткізеді.
      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Өтініш беруші жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтініш жасай алмайтын жағдайда, белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақы тағайындау туралы өтінішпен баруға басқа адамдарға өкілеттік беруге құқылы.
      18. Отбасының (адамның) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға келген жағдайда аудандық бөлім көрсетілу шартын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қорытындысына келіскен жағдайда азаматпен әңгімелесіп:
      1) үміткердің әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға құқығы;
      2) әлеуметтік бейімдеу бойынша көрсетілетін шаралар түрі;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағиданың 1-1 қосымшасына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді. Үміткер осы Қағиданың 1-2 қосымшасына сәйкес нысандар бойынша отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады.
      19. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
      Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.
      20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке өтініш келіп түскен кезде аудандық бөлім бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      21. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды аудандық бөлімге жібереді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда аудандық бөлім әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      23. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда аудандық бөлім тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      24. Аудандық бөлім учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектен басқасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      25. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      Ескерту. 25 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 11.03.2016 № 420 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
       26. Аудандық бөлім өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Аудандық бөлім өтініш берушінің әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 22 және 23 тармақшаларында көрсетілген жағдайларда аудандық бөлім өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      27. Аудандық бөлім шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      28. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      29. Әлеуметтік көмек және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған жағдайда;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Алматы қаласы мәслихатымен белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      30. Әлеуметтік көмек және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алушылар мән-жайлар басталғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабарлайды.
      31. Егер алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек және (немесе) әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек төлемі азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінен алынған қайтыс болғандығы жөніндегі мәліметтер негізінде тоқтатылады.
      31-1. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы әр ай сайын 29-на дейін емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін, сондай-ақ "Каменское Плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге жолданған туберкулезбен науқас адамдардың тізімін және емін 7 күннен аса үзген туберкулезбен науқас адамдардың тізімін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынсын.
      Ескерту. Тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 09.12.2016 № 69 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      32. Әлеуметтік көмек және (немесе)шартты әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Алматы қаласына бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

3.1. Отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшарты қорытындысы

      33. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының (адамның) жан басына шаққандағы орташа табысы жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
      34. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуға құқығы анықталғаннан кейін аудандық бөлім өтініш беруші және (немесе)отбасы мүшелеріне отбасыға көмектің жеке жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қорытындысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылдың 17 наурызында № 10474 тіркелген) сәйкес үлгіде құрастырылады.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар ішіндегі үміткерлер, осы Ереженің 36 тармағында көзделген жағдайларды 1 және 2 топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолданады, не Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларына жолдама ұсынады.
      35. Өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп аз қамтылған азаматттардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған іс шаралар кешені көрсетілетін отбасын (азаматты) әлеуметтік бейімдеу бойынша жеке жоспар жасайды, атап айтқанда:
      1) аудандық бөлім және (немесе)орталықпен бірлесе отырып белсенді түрде жұмыс іздеу және олар ұсынған жұмыс орнына орналасу;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
      3) қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірбиесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау;
      4) халықтың нысаналы топтарының скринингтік тексеруден өтуі;
      5) отбасында жүкті әйел болған жағдайда жүктіліктің 12 аптасына дейін акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына медициналық тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
      6) әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) ерікті емдеу;
      7) уақытылы арнаулы әлеуметтік қызметті алу және (немесе) мүгедектерді оңалту шаралары;
      36. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу:
      стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
      37. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
      38. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.
      39. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған органда сақталады.
      40.Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттарының орындалуына мониторинг келісімшарт жасаған органмен жүргізіледі.
      41. Аудандық бөлім барлық кезеңде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдейді және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, сонымен қатар, оның тиімділігіне баға береді.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      42. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Алматы қаласынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      5) әлеуметтік келісімшарт және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) бұзған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      6) туберкулезбен ауыратын науқастарды "Каменское плато" туберкулезге қарсы шипажайына стационарлық емдеуге немесе Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының тізіміне сәйкес емін 7 күннен аса дәлелсіз себептер бойынша үзген кезде жіберу.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 09.12.2016 № 69 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      43. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуы тиіс.

5. Қорытынды ереже

      44. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын, ал әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек "Социальная помощь" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Мұқтаж азаматтардың
жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Қағидаларына
1 қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________
      Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
      __________________________________ ____________________________
       (Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)

Р/с

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
Туған жылы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Өтініш берушінің қолы __________________ Күні _________________
      Отбасының құрамы туралы
      мәліметтерді куәландыруға уәкілетті
      органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
       (қолы)

  Мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Қағидаларына
1-1 қосымша

      Отбасының белсенділігін арттырудың
      әлеуметтік келісімшарты негізіндегі
      әлеуметтік көмек көрсету үшін
      әңгімелесу парағы
      Өтініш берушінің Т.А.Ә.______________________________________________
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
      _____________________________________________________________________
      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
      әлеуметтік көмек алуға жүгінген күн _________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ___________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс
      орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбасы мүшелері
Кәсібі
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
Жалпы жұмыс өтілі
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
Зайыбы (жұбайы)
 
 
 
 
 
 
Басқа ересек-
тер
 
 
 
 
 
 

      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
      Өтініш беруші: ______________________________________________________
      Зайыбы (жұбайы): ____________________________________________________
      Отбасының басқа да ересек мүшелері: _________________________________
      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасындағы қиындықтар ______________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі
      келтіреді ___________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Басқа _______________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Тараптардың қолы
      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
      бағдарламалар бөлімі
      ___________________ (қолы) _________________ (қолы)
      ___________________ (күні) _________________ (күні)

  Мұқтаж азаматтардың
жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Қағидаларына
1-2 қосымша

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік
      келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек алуға
      өтініш берушінің отбасылық және
      материалдық жағдайы туралы сауалнама

Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер:
Т.А.Ә
Туған күні
Туыстық қатына-
сы
Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала)
Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны
15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі)
 
 
Өтініш беруші
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі ұйымға бара ма ____
      __________________________________________________________________

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 3 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз).
Р/с

Өтініш беру-
шінің және отбасы мүшеле-
рінің Т.А.Ә.
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыз адам тіркеу фактісін жұмыспен қамту мәселе-
лері жөніндегі уәкілетті органның анықтама-
сы негізінде растайды)
Құжаттармен расталған табыс сомасы
Өзге де мәлімделген табыстар
еңбек қызме-
тін ен түскен табыс-
тар
зейнета-қылар, жәрдема-
қылар
кәсіпкер-
лік қызметтен түскен табыстар
сти-
пендия
али-
мент
өз-
ге-
де та-
быс-
тар
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы:
      тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: ___________;
      ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _________;
      тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген);
      қажеттісінің астын сызу
      үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, саман, іргетасы жоқ саман, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
      қажеттісінің астын сызу
      тұрғын үйдің жайластырылуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.) ______________________
      қажеттісінің астын сызу
      Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын
      мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы
      шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:

Мүліктің түрі
Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.)
Тиесілігі
 
 
 
 
 
 

      Отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы, мүгедектіктің, аурулардың болуы
      (тексеруден қашан және қайдан өтті, қандай ем қабылдайды,
      диспансерлік есепте тұра ма), соңғы жылдары болған операциялар немесе
      жарақаттар: ________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      өтініш беруші ______________________________________________________
      зайыбы (жұбайы) ____________________________________________________
      балалар ____________________________________________________________
      басқа да туысқандар ________________________________________________
      16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар)
      алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
      тамақтануға да жетпейді
      тамақтануға ғана жетеді
      тамақтануға және бірінші қажеттіліктегі заттарға ғана жетеді
      балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен
      қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
      Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі)
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
      бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу;
      іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына наласу;
      микрокредит беру;
      кәсіптік оқу (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру);
      әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      "Жастар практикасына" қатысу;
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден
      әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және
      экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу.
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      __________________ ____________________ _________________
       (күні) (Т.А.Ә.) (қолы)

  Мұқтаж азаматтардың
жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Қағидаларына
2 қосымша

      Өмірлік қиын жағдайдың туындауына
      байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын
      айқындауға арналған тексеру
      АКТІСІ
      20__ ж. "___" _______ __________________________
      (елді мекен)
      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________
      2. Тұратын мекенжайы _______________________________________________
      ____________________________________________________________________
      3. Өтініш беруші отбасының (адамның) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмекке және әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай _____
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____________________ адам, оның ішінде:

Р/с

Т.А.Ә.
Туған күні
Өтініш беруші-
ге туыс-
тық қатына-
сы
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)
Жұмыс-
пен қамтыл-
мау себебі
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер
Өмірлік қиын жағдай
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Еңбекке жарамды барлығы ________адам.
      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
      Балалардың саны:_______________ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _____________ адам, оқу құны жылына _______________ теңге.
      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): _____________________________________
      _____________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________
      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ______________________________
      _____________________________________________________________________
      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы мүшелері-
нің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә.
Табыс түрі
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер
тоқсанға
орта есеппен айына
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      6. Мыналардың:
      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) _______________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ____
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________
      ____________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі _____________________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы __________
      ____________________________________________________________________
      Комиссия төрағасы:
      ________________________ ________________________
      Комиссия мүшелері:
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      ________________________ ________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Жасалған актімен таныстым: _________________________________________
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ____________________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні______
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек көрсету Қағидаларына
3 қосымша

      Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
      20__ ж. ___ ______
      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек, отбасының (адамның) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының) ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде ____________________________________________
      ____________________________________________________________________
      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек, әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
      Комиссия төрағасы: __________________ ______________________________
      Комиссия мүшелері: __________________ ______________________________
      _____________________________________ ______________________________
      _____________________________________ ______________________________
      _____________________________________ ______________________________
      (қолдары) (Т.А.Ә.)
      Қорытынды
      қоса берілген құжаттармен ______ данада
      20__ ж. "___" ____________ қабылданды
      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
      уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы _______________