Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10474 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.05.2016 № 385 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларының 23-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес отбасыға көмектің жеке жоспарының нысаны бекітілсін.
      2. «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының нысанын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 52-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9195 болып тіркелген және 2014 жылғы 14 қазандағы № 200 (27821) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 14 қазандағы № 200 (28423) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                           Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің 2015 жылғы  
23 ақпандағы № 88 бұйрығына 
1-қосымша          

Нысан

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

__________________           № _______ 20 жылғы «_______» ___________
(жасалған орны)
      Бұдан әрі «жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деп аталатын _________________________________________________ атынан
                        (уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), уәкілетті өкілдің атқаратын
лауазымы)
_____________________________________________________________________
бір тараптан және бұдан әрі «қатысушы» деп аталатын «Өрлеу» жобасына
қатысушы отбасы атынан азамат _______________________________________
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, нөмірі,
кім және қашан берді)
____________________________________________ мекенжай бойынша тұратын
екінші тараптан «Өрлеу» жобасына қатысуға отбасының белсенділігін
арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі - келісімшарт)
төмендегілер туралы жасасты:

1. Келісімшарт мәні

      1. Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) қатысушыға және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда отбасының __________________ мүшесіне:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________ ______________ бастап ______ дейінгі кезеңге ай
сайын ______________ (____________________________ ) теңге мөлшерінде
                              (сомасы жазбаша)
және (немесе) бір жолғы ___________________(__________________) теңге
                                             (сомасы жазбаша)
мөлшерінде __________________________________________________________
(жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу және
т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру) шартты ақшалай көмекті
төлейді;
      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі - Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;
      3) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге өтуіне ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;
      5) қатысушының және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша (өзі немесе ассистенттерді тарта отырып) келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.
      3. Қатысушы және (немесе) оның отбасы мүшелері:
      1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;
      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;
      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы және (немесе) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;
      4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай-ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;
      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне шартты ақшалай көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;
      7) ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;
      8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кенттің әкімімен, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантпен және келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын ассистентпен (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен, кент әкімімен келісім бойынша) өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.

3. Тараптардың құқықтары

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;
      2) отбасының (адамның) материалдық жағдайын тексереді;
      3) алынған ақпаратты шартты ақшалай көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;
      4) егер отбасы (адам) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, шартты ақшалай көмек төлеуді тоқтатады;
      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.
      5. Қатысушы:
      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;
      2) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;
      3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты шартты ақшалай көмекті қайта есептеуді талап етеді;
      4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.

4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың
жауапкершілігі

      6. Қатысушы және (немесе) оның отбасы мүшелері шартты ақшалай көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.
      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.
      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Күтпеген жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
      12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.
      13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Өзге де талаптар

      14. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
      15. Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20____ жыл қоса қолданылады.
      16. Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (адам) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.
      17. Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қатысушы

__________________________________
Уәкілетті органның толық атауы
__________________________________
__________________________________
         (мекенжайы)
__________________________________
       (телефон, факс)
__________________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
__________________________________
           қолы

__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________________________
        (мекенжайы)
__________________________________
       (телефон, факс)
__________________________________
           қолы

Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және      
әлеуметтік даму министрінің   
2015 жылғы 23 ақпандағы № 88  
бұйрығына 2-қосымша      

Нысан

Отбасыға көмектің
ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

Уәкілетті орган _____________________________________________________
Көмекті алушы: ______________________________________________________
                      (Т.А.Ә. (болған кезде), тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: ____________________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: __________________________
Қажетті іс-әрекеттер:________________________________________________
_____________________________________________________________________

      1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің
20 жыл_________(айын көрсету) іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20 жыл____________(айын көрсету) есептілікті ұсыну.

Т.А.Ә. (болған кезде)

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты маман

Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме)

Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі

Нәтижесі і (бағалау)

1








2








3








      Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы: ________________________________________________________

      Қажетті өзара іс-әрекеттер:
      - жұмыспен қамту органымен ____________________________________
      - денсаулық сақтау органымен __________________________________
      - басқа да байланыстар ________________________________________

      Әлеуметтік жұмыс жөніндегі
      консультанттың қолы:___________________     Күні: _____________

(Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)
      Берілетін көмектің түрлері:

Ай сайынғы жәрдемақы

Біржолғы төлем

Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері







      Біржолғы төлем кезінде:
      Шығын сметасы:

Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқа да атаулары

Сомасы, мың теңге





Барлығы:


Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:

Келісімшарт жасалғанға дейін

Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша

ШАК мөлшерін қоса есептегенде

ШАК мөлшерін есептемегенде




      Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
_____________________________________________________________________
Уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________________________________________________
                                (қолы)

20 жылғы «________» _______________