Успен ауданының Успен ауылында жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуді қосымша регламенттеу туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 240/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 4423 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонтрацияларды өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында Успен ауданының Успен ауылында жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізетін орны болып–Милевский көшесінде орналасқан аудандық мәдениет үйінің алаңы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова