1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 111/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3762 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауында және осы қаулымен бекітілген "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде және бүкіл мәтіні бойынша қазақ тіліндегі "мұрағаттар", "мұрағат", "мұрағаттарына", "мұрағаттық", "мұрағаттарында", "мұрағаты" сөздері "архивтер", "архив", "архивтеріне", "архивтік", "архивтерінде", "архиві" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 36-тармағындағы 12), 13), 14) тармақшалар алынып тасталсын.
2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |