1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 270/8 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья", газеттерінде жарияланды):
1-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 251/8 қаулысымен бекітілген |
"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың)
және биопрепараттардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:"халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылды;
"Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.06.2016 N 198/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін жергілікті атқарушы орган беруші тұлғасында "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің және Павлодар облысының қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығыны бөлімдерінің (бұдан әрі-бөлім) кеңсесі арқылы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтердің) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) бөлім және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты көрсетілген қолхат береді, бөлімінің басшысына жолдайды – 15 (он бес) минут;
2) бөлімі басшысы құжаттарды қарайды және бөлім маманына жібереді – 15 (он бес) минут;
3) бөлім маманы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өтінімді ұсынған сәттен бастап оның сәйкестілігін, төлем туралы өтінімді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексереді;
төлем туралы өтінімдерді немесе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерінің жиынтық тізілімін тексеру аяқталғаннан кейін, солар арқылы тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін құрастырады. Теріс шешім болған жағдайда – жеткізушіні жазбаша хабардар етеді;
тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін құрастырғаннан кейін, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
теріс шешім болған жағдайда – субсидияны бермеу себептерін көрсетіп, биоагенттерді (энтомофагтерді) және биопрепараттарды жеткізушіні жазбаша хабардар етеді;
бұл ретте, бөлім солар бойынша субсидия беруге теріс шешім қабылданған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін құрастырып, көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады – 12 (он екі) жұмыс күні.
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне көрсетілетін қызметті алушылардың шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) бөлім және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) бөлімінің басшысы;
3) бөлім маманы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған
үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "www.egov.kz" электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілмейді.Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері
| Р/с № | Жұмыс органының атауы | Байланыс деректері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61, телефон: 8(7182) 32-32-30 email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz |
| 2 | "Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, телефон: 8(7182) 32-07-30 email: pavlodar_osh@mail.ru |
| 3 | "Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі, телефон: 8(71877) 54237 email: otdel_osh@mail.ru |
| 4 | "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12 телефон: 8(71837) 50572 email: 4108605@mail.ru |
| 5 | "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77 телефон: 8(71841) 21572 email: aktogai_sozprog@mail.ru |
| 6 | "Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 49 телефон: 8(71840) 91245 email: baiandepselhoz@mail.ru |
| 7 | "Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Железин ауданы, Железинка ауылы, Придков көшесі, 13 телефон: 8(71831) 22041 email: zhelselhoz@mail.kz |
| 8 | "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгембай көшесі, 97 телефон: 8(71832) 21436 email: Ertis_osh@mail.ru |
| 9 | "Качиры ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 236 телефон: 8(71833)21403 email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz |
| 10 | "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13 телефон 8(71839) 21051 email: selhoz_akku@mail.ru |
| 11 | "Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 24 телефон: 8(71838) 91380 email: may_opish@mail.ru |
| 12 | "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, кеңсе 309 телефон: 8(7182) 329867 email: defence6@rambler.ru |
| 13 | "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Успен ауданы, Успенка ауылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 30 телефон: 8(71834) 91300 email: usposh@yandex.ru |
| 14 | "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 49 телефон: 8 (71836) 21191 email: opsxsharbakty@mail.ru |
"Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің,
биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау" мемлекетті қызметті көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер
