Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 270/8 қаулысы бойынша (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Звезда Прииртышья" газетінде, "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды):
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 238/8 қаулысымен бекітілді |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру
шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 28.06.2018 № 28.06.2018 № 236/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасымен жүгінуі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттарды зерделейді, бөлім басшысына қарауға енгізеді және басшымен бекітілген тізімді, қабылдау актісін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды – 15 (он бес) минут;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы құжаттарды сәйкестілігі тұрғысына зерделейді және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) жиынтық тізілімін жасайды, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі – банктік шоттарға тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы;
4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері;
5) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы;
7) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
10. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілген қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы:
қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді, көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына қарауға жолдайды;
3-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты маманды анықтайды;
4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы құжаттарды зерделейді және бөлім басшысына жолдайды не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады;
5-процесс – бөлім басшысы АШТӨ-нің тiзiмiн қарайды және бекітеді;
6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы басқармаға тиісті құжаттарды ұсынады;
7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
8-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды;
9-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы құжаттарды сәйкестілігі тұрғысына зерделейді және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін жасайды, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдайды;
10-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады;
11-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетілген.
| "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Уәкілетті органдардың атауы және олардың байланыс деректері
П№ | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган | Байланыс деректері |
1 | 2 | 3 |
1 | "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61 |
2 | "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 |
3 | "Екібастұз қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі, |
4 | "Ақсу қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12 |
5 | "Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77 |
6 | "Баянауыл ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49 |
7 | "Железин ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Железин ауданы, Придков көшесі, 13 |
8 | "Ертіс ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгембай көшесі, 97 |
9 | "Качир ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Качир ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 236 |
10 | "Лебяжі ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Лебяжі ауданы, Әбілқайыр Баймулдин көшесі, 13 |
11 | "Май ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24 |
12 | "Павлодар ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, оф. 309 |
13 | "Успен ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Успен ауданы, Тәуелсіздіктің 10-жылдығы көшесі, 30 |
14 | "Шарбақты ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Шарбақты ауданы, Советов көшесі, 49 |
| "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелердің
(қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау
Процестің іс-қимылдары | ||||||||
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Құрылымдық бөлімшенің атауы | Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері | Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің басшысы | Көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің жауапты маманы | Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері | Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы | Көрсетілетін қызметті берушінің өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің жауапты маманы | Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманы |
2 | Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы | Ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады | Өтінімдерді қарау, көрсетілетін кызметті беруші бөлімінің жауапты маманын анықтау | Ұсынылған құжаттарды зерделеу, бөлім басшысына қарауға енгізу және басшымен бекітілген тізімді, қабылдау актісін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын басқармаға ұсыну не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады | Көрсетілетін қызметті берушінің бөлімі ұсынған құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу | Өтінімдерді қарау, Көрсетілетін кызметті берушінің жауапты мамандарың анықтау | Құжаттарды сәйкестілігі тұрғысына зерделеу және АШТӨ жиынтық тізілімін жасау, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің жауапты маманына жолдау | Субсидиялар төлеу үшін тізімдеме және төлем шоттарын құрастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну |
3 | Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) | Бөлім басшысына жолдау | Бұрыштама қою | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне бөлім басшысының қол қоюымен мақұлданған өтінімдердің немесе тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдердің тізімін ұсыну | Бөлімнің жауапты маманынан құжаттарды қабылдау | Бұрыштама қою | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
4 | Орындалу мерзімі | 30 (отыз) минут | 15 (он бес) минут | 5 (бес) жұмыс күні | 15 (он бес) минут | 15 (он бес) минут | 2 (екі) жұмыс күні | 2 (екі) жұмыс күні |
5 | 11 (он бір) жұмыс күні | |||||||
| "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру
шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процесстерінің анықтамалығы


Шартты белгілер:
