1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 270/8 қаулысы бойынша (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда "Звезда Прииртышья" газетінде, "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды):
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 238/8 қаулысымен бекітілді |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
6. 1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.Өтінім қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.
7. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
8. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
9. 4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мен белгіленген нысан бойынша өтініш мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.10. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
1) қаланың немесе ауданның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға талон береді – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады. Себу мерзімі аяқталған соң өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ соңғы тізімін құрастырады және оны аудан немесе қала әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді - 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде;
4) әкім АШТӨ тізімін қарайды және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
5) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы әкім бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты маманы АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) қатысады:1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ведомствоаралық комиссиясы;
3) қала немесе аудан әкімі;
4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы.
13. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымын бөлімшелері (қызметкері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес бизнес-процесстер анықтамалығында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
14. 9. Мемлекеттік қызмет "Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және "www.egov.kz" электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілмейді.| "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері
| Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган | Байланыс деректері |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61-үй телефон: 8(7182) 32-32-30 email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz |
| 2 | "Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй телефон: 8(7182) 32-07-30 email: pavlodar_osh@mail.ru |
| 3 | "Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі, телефон: 8(71877) 54237 email: otdel_osh@mail.ru |
| 4 | "Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12-үй телефон: 8(71837) 50572 email: 4108605@mail.ru |
| 5 | "Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй телефон: 8(71841) 21572 email: aktogai_sozprog@mail.ru |
| 6 | "Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй телефон: 8(71840) 91245 email: baiandepselhoz@mail.ru |
| 7 | "Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй телефон: 8(71831) 22041 email: zhelselhoz@mail.kz |
| 8 | "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгембаев көшесі, 97-үй телефон: 8(71832) 21436 email: Ertis_osh@mail.ru |
| 9 | "Качиры ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Качиры ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 236-үй телефон: 8(71833)21403 email:kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz |
| 10 | "Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Лебяжі ауданы, Абылқайыр Баймулдин көшесі, 13-үй телефон 8(71839) 21051 email: selhoz_akku@mail.ru |
| 11 | "Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй телефон: 8(71838) 91380 email: may_opish@mail.ru |
| 12 | "Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй, оф. 309 телефон: 8(7182) 329867 email: defence6@rambler.ru |
| 13 | "Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Успен ауданы, Тәуелсізідіктің 10-жылдығы көшесі, 30-үй телефон: 8(71834) 91300 email: usposh@yandex.ru |
| 14 | "Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Шарбақты ауданы, Советов көшесі, 49-үй телефон: 8 (71836) 21191 email: opsxsharbakty@mail.ru |
| "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Шартты белгілер
