"Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 121 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 мамырда № 5588 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Исмаиловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Т. Даиров


Науырзым ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 1 сәуірдегі
№ 121 қаулысымен
бекітілген

"Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын, бюджеттік есепті жүргізуге және жергілікті бюджетті орындалу бойынша бюджеттік есеп жүргізу, сонымен қоса коммуналдық меншік нысандарын басқару саласында қызмет ету аясын іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесі, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндетері

      14. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның басымдық әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімді іске асырылуына әсерін тигізетін жоспарлау жүйесін құру және дамыту, жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған аудандық бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету, ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.
      15. Міндеттері:
      1) экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қаржы және әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселесі бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) республиканы, облысты, ауданды дамыту стратегиясының аясында аймақтық және индикативтік жоспарлау;
      3) Қазақстан Республикасының, облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінде, алдағы жылдарға аудан бюджетінің жобасын жасау;
      4) ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенінің мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша республикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;
      5) мемлекет мүддесіне сай коммуналды мемлекеттік меншікті тиімді басқару;
      6) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аудандық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
      7) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыруын жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және орта мерзімдік жоспарларын әзірлейді;
      2) аудан әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарларын, бағдарламаларын іске асыру бойынша бақылау және есептеме дайындауды жүзеге асырады;
      3) аудан экономикасының жағдайына талдау жасайды және даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады;
      4) ауданның қаржыларын басқаруды жүзеге асырады;
      5) аудандық бюджетті орындауды ұйымдастырады;
      6) бюджеттік бағдарламаның әкімшіліктерінің келісімдері бойынша, болжанған көлемді түсімдерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдерді жүзеге асырудың ай сайынғы кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар атқарады;
      7) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына жылдық сомаларды қоса, Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталған тәртіп бойынша түсімдер және қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      8) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқаруға жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру жұмысын және олардың алған міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      9) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, аудандық коммуналдық мүліктерін алдын ала келісімімен, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен ғана өткізілетін жекешелендіру мәселелерін қарастыру;
      10) мемлекеттік коммуналдық мүліктің мақсатты пайдаланылуына бақылауды және коммуналдық мүлікке қатысты артық, не мақсатына сай пайдаланбаған мүлікті алып қоюды жүзеге асырады;
      11) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
      12) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады;
      13) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
      14) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      2) ауданының даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      3) өз құзіретінің шегінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
      4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдында қойылған тапсырмаларды орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат сұрату және алу;
      5) ауданның сыртқы нарығын зерттеуге қатысу және қалыптастыру үшін кәсіпорындардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың өкілдерін тарту, ауданның сыртқы экономикалық ынтымақтастығын жандандыру және импортқа бағытталған кәсіпорындардың тауар ассортиментін көбейту;
      6) жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерімен жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша Қазақстан Республикасының нормативті құқықтык актілерінің талаптарының сақталуына, жергілікті бюджетке таза табыстың үлесін коммуналдық мемелекеттік кәсіпорындар өз уақытында толық аударуына, сонымен қатар коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне кірістердің есептелуіне бақылау жүргізу;
      7) секвестр жасалынатын бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдер төлеуді жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша тоқтату;
      8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазахстан Республикасы Үкіметінің және басқа орталық органдардың, облыс әкімінің және әкімдігінің, сондай-ақ аудан әкімінің тапсырмаларын, актілерін уақытылы және сапалы орындау;
      9) қолданыстағы заңнаманың нормаларын сақтау;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды және міндеттемелерді жүзеге асырады.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады және қызметінен босатылады.
      20. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады;
      3) заңнамаға сәйкес "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
      4) "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады, оларды ынталандырады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарушы органдарда, басқа ұйымдарда "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін жауапты болады;
      8) өз құзыретіне жататын, басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйке белгілейді.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Науырзым ауданының экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.