"Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 5360 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 38-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекетті корганының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Исабаев
 

Әкімдіктің         
2015 жылғы 20 қаңтардағы  
№ 19 қаулысымен бекітілген 

"Қостанай ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауданы әкімнің және жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100 Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Калинин көшесі, 65.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      11. Осы Ереже "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі және әкімдіктің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етеді.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік егемендігін, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және аудандағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта атқарушы биліктің барлық органдарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ауданның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары мен ауылдық округтер, кент, ауылдар әкімдерінің жұмысын талдау.
      2) аудан әкімінің және әкімдігінің қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, Қостанай ауданы әкімінің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      3) аудан әкімі аппаратының, ауыл мен ауылдық округтер әкімдерінің құрылымдық бөлімшелерінде атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және әкімді ақпараттандырады;
      4) аудан әкімінің және әкімдігінің орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, беймемлекеттік бірлестіктермен өзара бірігіп жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету;
      5) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлесімді қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау бойынша бақылауды жүзеге асыру;
      7) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізуді жүзеге асыру;
      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және есепке алу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша;
      9) аудан әкімінің және әкімдік мүшелерінің азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын жүргізуді ұйымдастыру;
      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау;
      11) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқару органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеу және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізу;
      13) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      14) құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан аудан әкімінің, әкімдігінің және әкім аппаратының құзыреті шегінде қажетті ақпараттар, құжаттар және басқадай материалдар сұрату және алу;
      2) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыреті мәселелері бойынша қажетті тапсырмалар беру;
      3) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқадай ұйымдармен өзара бірігіп жұмыс жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құкықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;
      2) "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      3) мемлекеттік қызметкерлер болып табылмайтын аппарат жүмысшылардың еңбек туралы заңнамасына сәйкес, тағайындайды, лауазымнан босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      4) "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) құзырет шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) өз құзыреті шегінде "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақша қаражатына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      8) "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын басатын тұлға жүзеге асырады.
      21. Қостанай ауданы әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.