Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 66 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 шілдеде № 5728 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес және жерлерді аймақтауға бөлу схемасы негізінде, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. № 5 аймақта орналасқан жер учаскелерінде автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 пайызға төмендетілсін.
      2. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер учаскелерінде орналасқан жер салығының базалық мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
      № 7 аймақта 10 пайызға;
      № 8 аймақта 20 пайызға;
      № 9 аймақта 30 пайызға;
      № 10 аймақта 40 пайызға;
      № 11 аймақта 50 пайызға.
      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 ақпандағы № 14 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Наше время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Ж. Ахметов

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Мұрзабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Денисов ауданының жер қатынастары
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _____________ С. А. Жанғабулов
      2015 жыл "19" маусым

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Мемлекеттік кірістер
      комитеті Қостанай облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаментінің
      Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік
      кірістер басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ Ә. Ж. Әкіжан
      2015 жыл "19" маусым