1. № 5 аймақта орналасқан жер учаскелерінде мөлшерлемелері 10 пайызға төмендетілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады).
2. Мөлшерлемелері жоғарылатылсын:
№ 7 аймақта 10 пайызға;
№ 8 аймақта 20 пайызға;
№ 9 аймақта 30 пайызға;
№ 10 аймақта 40 пайызға;
№ 11 аймақта 50 пайызға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады).
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 ақпандағы № 14 "Жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі "Наше время" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезектен тыс | |
сессиясының төрағасы | Ж. Ахметов |
Денисов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Мұрзабаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Денисов ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ С. А. Жанғабулов
2015 жыл "19" маусым
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Ә. Ж. Әкіжан
2015 жыл "19" маусым