Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 5802 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсанына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.
      2. Мыналар:
      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды:
      өтініш;
      қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
      психологиялық – медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтаманы;
      банктегі шоттың болуы туралы құжат;
      мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті он алтыншы
      сессия төрағасы                            Е. Дауылбай

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ә. Саматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________________ М. Тобағабулов
      2015 жылғы "23" шілде