Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 333 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 5802 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 23.12.2015 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады).

      2. Мыналар:

      1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;

      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;

      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық - медициналық - педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

      4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуға тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді деп белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 23.12.2015 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2016 бастап туындаған қатынастарға таратады); 22.05.2020 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Кезекті он алтыншы


сессия төрағасы

Е. Дауылбай

Аудандық мәслихат хатшысы

Ә. Саматов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен

      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________________ М. Тобағабулов

      2015 жылғы "23" шілде