Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда № 5621 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХ сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова

  Мәслихаттың
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге көрсетіледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.04.2020 № 393 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-тармақты қоспағанда, 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      2. Тұрғын үй көмегін "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:

      1) өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.04.2020 № 393 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-тармақты қоспағанда, 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін порталға өтініш берген кезде мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.04.2020 № 393 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-тармақты қоспағанда, 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.

      8. Жалғыз тұратын көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.

      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімі негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.

      9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондаминиум объектісінің ортақ мұлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарға, нормалар шегінде және отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.04.2020 № 393 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-тармақты қоспағанда, 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      11. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.

      12. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың жеті пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 07.04.2020 № 393 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 12-тармақты қоспағанда, 10.01.2020 бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады).

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша;

      бір бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;

      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метрі; осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.

      14. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.

      16. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.

      17. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      18. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

      20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297 шешіміне қосымша

Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-170 тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 465 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-191 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 15 мамырдағы № 38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-209 тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 54 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-212 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 тіркелген, 2013 жылғы 22 тамыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      6. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 175 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      7. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қазандағы № 247 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      8. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 278 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5375 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).