Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда № 5621 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХ сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова

  Лисаков қалалық мәслихатының
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297 шешіміне
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрыштағы сілтемесі жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Лисаков қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi органмен белгiленген айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға пайдалы көлемі 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес көлем нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Лисаков қалалық мәслихатының
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297 шешіміне
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрыштағы сілтемесі жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 06.06.2022 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-170 тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 465 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-191 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 15 мамырдағы № 38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-209 тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 16 тамыздағы № 54 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-212 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 10 шілдедегі № 138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 тіркелген, 2013 жылғы 22 тамыздағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      6. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 175 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      7. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қазандағы № 247 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).

      8. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 "Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 278 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5375 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпандағы "Лисаковская новь" газетінде жарияланған).