"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 433 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қарашада № 5979 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 20.01.2020 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 433 қаулысымен бекітілген

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан
өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай медициналық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және қорытынды нәтижелерін беру көрсетілген мемлекеттік қызметті алушы арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не Стандарттың 10-1–тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.01.2017 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      Ескерту. 2-бөлім жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.01.2017 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 297 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11303 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) қабылдауы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) хатшы-іс жүргізуші құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады және оны зертханашыға береді, 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын қабылдау және қабылданған құжаттар топтамасын зертханашыға беру;

      2) зертханашы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 1 (бір) жұмыс күн.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны зертханашыға береді, 1 (бір) жұмыс күн.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

      4) зертханашы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 7 (жеті) сағат.

      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) хатшы-іс жүргізуші;

      2) зертханашы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) хатшы-іс жүргізуші құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады және оны зертханашыға береді, 30 (отыз) минуттан аспайды.

      2) зертханашы құжаттар топтамасын қарайды, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 1 (бір) жұмыс күн.

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және оны зертханашыға береді, 1 (бір) жұмыс күн.

      4) зертханашы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 7 (жеті) сағат.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 213 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 26.11.2018 № 515 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  "Денсаулық сақтау саласының
кадрларын даярлықтан өткізу,
олардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау туралы
құжаттарды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан
өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау
туралы құжаттарды беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы