Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 8915 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 16 қаулысына
қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күшi жойылған кейбiр қаулыларының тiзбесi

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысы (2015 жылғы 11 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген).

      2. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 3 мамырдағы № 214 қаулысы (2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6433 болып тіркелген).

      3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2017 жылғы 23 тамыздағы № 414 қаулысы (2017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7222 болып тіркелген).

      4. Қостанай облысы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы әкімдіктің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 26 қарашадағы № 515 қаулысы (2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8149 болып тіркелген).

      5. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 11 ақпандағы № 56 қаулысы (2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8262 болып тіркелген).

      6. Қостанай облысы әкімдігінің "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 14 қазандағы № 433 қаулысы (2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5979 болып тіркелген).

      7. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 14 қазандағы № 433 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 3 мамырдағы № 213 қаулысы (2016 жылғы 9 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6419 болып тіркелген).

      8. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 14 қазандағы № 433 "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысы (2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6839 болып тіркелген).

      9. Қостанай облысы әкімдігінің "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 қаулысы (2015 жылғы 8 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 болып тіркелген).

      10. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 12 мамырдағы № 221 қаулысы (2016 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6422 болып тіркелген).

      11. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 22 ақпандағы № 99 қаулысы (2017 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6944 болып тіркелген).

      12. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы № 607 қаулысы (2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7397 болып тіркелген).

      13. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 8 маусымдағы № 271 қаулысы (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7895 болып тіркелген).

      14. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 4 мамырдағы № 186 қаулысы (2019 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген).