Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 396 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қазанда № 5976 болып тіркелді

Жаңартылған
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      8) "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      9) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      10) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      11) "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін;
      12) "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
      облысының әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Дәрігерді үйге шақыру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі, немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) дәрігердің баратын күні мен уақыты туралы ауызша түрде хабарлайды, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      медициналық тіркеуші.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау.
      Тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) дәрігердің баратын күні мен уақыты туралы ауызша түрде хабарлайды, 10 (он) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдау жүргізеді, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуға көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу өңдеуін (тексеруі, тіркеуі) жүзеге асырады;
      5) порталдағы көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінде" электрондық сұрау салу мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіден алады;
      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" портал арқылы алады.
      Ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің 2-қосымшасында келтірілген.

  "Дәрігерді үйге шақыру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер мен қысқартулар:

      


  "Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Дәрігерді үйге шақыру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Дәрігердің қабылдауына жазылу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында жазылу және одан кейін дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдайтын күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі, немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кабинетіндегі сұраныс болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) кестеге сәйкес дәрігердің қабылдау күні мен уақыты туралы ауызша түрде хабарлайды, 10 (он) минуттан аспайды;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      медициналық тіркеуші.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау.
      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тікелей немесе телефон байланысы арқылы өтініш берген кезде медициналық тіркеуші көрсетілетін қызметті берушінің дәрігерінің қабылдауына алдын ала жазылу журналында өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) кестеге сәйкес дәрігердің қабылдау күні мен уақыты туралы ауызша түрде хабарлайды, 10 (он) минуттан аспайды.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдау жүргізеді, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттарды бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуға көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу өңдеуін (тексеруі, тіркеуі) жүзеге асырады;
      5) порталдағы көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінде" электрондық сұрау салу мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіден алады;
      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" портал арқылы алады.
      Ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің 2-қосымшасында келтірілген.

  "Дәрігердің қабылдауына
жазылу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер мен қысқартулар:

      


  "Дәрігердің қабылдауына жазылу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

"Дәрігердің қабылдауына жазылу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған қағаз түріндегі (еркін нысанда) немесе электрондық құжат нысанындағы тіркеу туралы хабарлама (талон).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің еркін нысандағы өтінішті және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) немесе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұранысты қабылдауы болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттарды тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және бұрыштама қояды, 3 (үш) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды, 3 (үш) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      5) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші құжаттар топтамасын қабылдайды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін береді, 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және бұрыштама қояды, 3 (үш) сағат;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) сағат;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды, 3 (үш) сағат;
      5) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді, авторизациялауды жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы жүзеге асырады;
      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік қызметті таңдау жүргізеді, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруы және құжаттарды бекітуі;
      3) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық сұрау салуға көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы арқылы куәландыру жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салу өңдеуін (тексеруі, тіркеуі) жүзеге асырады;
      5) порталдағы көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінде" электрондық сұрау салу мәртебесі мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті берушіден алады;
      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" портал арқылы алады.
      Ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің 2-қосымшасында келтірілген.

  "Алғашқы
медициналық-санитариялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      


Шартты белгілер мен қысқартулар:

      


  "Алғашқы
медициналық-санитариялық
көмек көрсететін медициналық
ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар, облыстың ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы (Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
      Анықтама-сертификат оны берген сәттен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
      Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      Нәтижесі теріс болған жағдайда:
      1) психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері (бұдан әрі – ПӘК кабинетінің дәрігері) тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушыны тіркеуді жүзеге асырады, жеке код береді, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізеді және емшара кабинетіне жолдама береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізу;
      2) қан алу кабинетінің мейірбикесі көрсетілетін қызметті алушыдан АИТВ-инфекциясының болуына қан алу процедурасын жүзеге асырады, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына қан алу;
      3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына қан үлгісіне тиісті талдауды жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және ПӘК кабинетінің дәрігеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) ПӘК кабинетінің дәрігері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 1 жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;
      Нәтижесі оң болған жағдайда:
      1) ПӘК кабинетінің дәрігері АИТВ-инфекциясының болуына оң нәтиже алған жағдайда, одан әрі зерттеп-қарау үшін кеңес өткізеді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – кеңес өткізу;
      2) қан алу кабинетінің мейірбикесі қайтадан қан алуды өткізеді, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қайтадан қан алуды өткізу;
      3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына антиденелерге қайтадан зерттеп-қарау өткізеді, 17 (он жеті) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – АИТВ-инфекциясының болуына қанды зерттеп-қарау;
      4) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      5) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына жеке қаблыдау кезінде береді, 5 (бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ПӘК кабинетінің дәрігері;
      2) қан алу кабинетінің мейірбикесі;
      3) зертхана.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) психологиялық-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері (бұдан әрі – ПӘК кабинетінің дәрігері) тіркеу журналында көрсетілетін қызметті алушыны тіркеуді жүзеге асырады, жеке код береді, тестілеуге дейінгі кеңесті өткізеді және емшара кабинетіне жолдама береді, 30 (отыз) минут.
      2) қан алу кабинетінің мейірбикесі көрсетілетін қызметті алушыдан АИТВ-инфекциясының болуына қан алу процедурасын жүзеге асырады, 10 (он) минут.
      3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына қан үлгісіне тиісті талдауды жүргізеді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және ПӘК кабинетінің дәрігеріне береді, 1 (бір) жұмыс күні.
      4) ПӘК кабинетінің дәрігері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 1 жұмыс күні.
      Нәтижесі оң болған жағдайда:
      1) ПӘК кабинетінің дәрігері АИТВ-инфекциясының болуына оң нәтиже алған жағдайда, одан әрі зерттеп-қарау үшін кеңес өткізеді, 15 (он бес) минут.
      2) қан алу кабинетінің мейірбикесі қайтадан қан алуды өткізеді, 10 (он) минут.
      3) зертхана АИТВ-инфекциясының болуына антиденелерге қайтадан зерттеп-қарау өткізеді, 17 (он жеті) жұмыс күні.
      4) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 1 (бір) жұмыс күні.
      5) ПӘК кабинетінің дәрігері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына жеке қаблыдау кезінде береді, 5 (бес) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "АИТВ-инфекциясының болуына
ерікті анонимді және міндетті
құпия медициналық тексерілу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Нәтижесі теріс болған жағдайда:
      


      Нәтижесі оң болған жағдайда:
      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша фтизиатр дәрігер қол қойған, дәрігердің жеке мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған "Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама (бұдан әрі - анықтама).
      Анықтама "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды, амбулаториялық карта ашады және көрсетілетін қызметті алушыны фтизиатр дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – амбулаториялық карта ашу, көрсетілетін қызметті алушыны фтизиатр дәрігерге жіберу;
      2) фтизиатр дәрігер құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді, "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" деректер базасында көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, қаралған құжаттардың қорытындысын амбулаториялық картаға жазады және медициналық тіркеушіге жеке дәрігерлік мөрмен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 25 (жиырма бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) фтизиатр дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды, амбулаториялық карта ашады және көрсетілетін қызметті алушыны фтизиатр дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут;
      2) фтизиатр дәрігер құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді, "Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі" деректер базасында көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, қаралған құжаттардың қорытындысын амбулаториялық картаға жазады және медициналық тіркеушіге жеке дәрігерлік мөрмен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 25 (жиырма бес) минут;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 20 (жиырма) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "Туберкулезге қарсы ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.
      Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жіберу;
      2) психиатр-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеріп, медициналық тіркеушіге дәрігердің мөрімен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) психиатр-дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны психиатр-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут;
      2) психиатр-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексеріп, медициналық тіркеушіге дәрігердің мөрімен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (5 минут).
      Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды "Мемлекеттік корпорацияға арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді (5 минут);
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (5 минут);
      3) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (15 минут).
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  "Психоневрологиялық ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Наркологиялық ұйымнан анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Мемлекеттік корпорацияда – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы наркологдәрігерімен анықтаманы беру.
      Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны нарколог-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны нарколог-дәрігерге жіберу;
      2) нарколог-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Наркологиялық аурумен ауыратын науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді және медициналық тіркеушіге дәрігерлік мөрмен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растап, оны көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) нарколог-дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны нарколог-дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минут;
      2) нарколог-дәрігер құжаттар топтамасын қарап, медициналық тексеріп-қараулар жүргізіп, "Наркологиялық аурумен ауыратын науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді және медициналық тіркеушіге дәрігерлік мөрмен расталған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 2 (екі) сағат;
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырып, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растап, оны көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар топтамасын қабылдауы болып табылады
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің толтырылуының дұрыстығын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (5 минут).
      Мемлекеттік корпорация қызметкері оларды "Мемлекеттік корпорацияға арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді (5 минут);
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (5 минут);
      3) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (15 минут).
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  "Наркологиялық ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) № 027/е нысаны бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжатты ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өтініші болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) ординатор дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын ресімдейді, оған қол қояды, дәрігердің жеке мөрімен растайды және "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер беру" кабинетіне жібереді, 15 (он бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      2) "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер беру" кабинетінің медициналық тіркеушісі тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) ординатор дәрігер;
      2) "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер беру" кабинетінің медициналық тіркеушісі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) ординатор дәрігер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын ресімдейді, оған қол қояды, дәрігердің жеке мөрімен растайды және "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер беру" кабинетіне жібереді, 15 (он бес) минут;
      2) "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелер беру" кабинетінің медициналық тіркеушісі тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "Стационарлық науқастың
медициналық картасынан үзінді
көшірме беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - ЖПД) қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша және "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) № 035-2/е және № 079/е нысандары бойынша берілген медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетілетін медициналық ұйымнан анықтама (бұдан әрі - анықтама).
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      дәрігердің қабылдауына жүгінген кезінде:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны учаскелік дәрігерге немесе ЖПД-ға жібереді, 5 (бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны учаскелік дәрігерге немесе ЖПД-ға жіберу;
      2) учаскелік дәрігер немесе ЖПД құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі", "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйелерінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, оған қол қояды, дәрігердің жеке мөрімен растайды және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 20 (жиырма) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен анықтаманы растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
      үйге шақыру кезінде:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға учаскелік дәрігерді немесе ЖПД-ны жібереді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға учаскелік дәрігерді немесе ЖПД-ны жіберу;
      2) учаскелік дәрігер немесе ЖПД мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын сенімхат бойынша оның өкілі немесе әлеуметтік қызметкер (учаскелік мейірбике) арқылы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясына (бұдан әрі – ДКК) жібереді, 3 (үш) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын ДКК-ға жіберу;
      3) ДКК құжатты қарап, шешім қабылдайды, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі", "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйелерінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, хаттама ресімдейді, оған қол қояды, медициналық ұйымның мөрімен растайды және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 1 (бір) сағат.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      4) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен анықтаманы растайды және оны көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне немесе әлеуметтік қызметкерге (учаскелік мейірбикеге) көрсетілетін қызметті алушының үйіне құжатты жеткізу үшін береді, 30 (отыз) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) учаскелік дәрігер және ЖПД;
      3) ДКК.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      дәрігердің қабылдауына жүгінген кезінде:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны учаскелік дәрігерге немесе ЖПД-ға жібереді, 5 (бес) минут.
      2) учаскелік дәрігер немесе ЖПД құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі", "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйелерінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, оған қол қояды, дәрігердің жеке мөрімен растайды және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 20 (жиырма) минут.
      3) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен анықтаманы растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут.
      үйге шақыру кезінде:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға учаскелік дәрігерді немесе ЖПД-ны жібереді, 30 (отыз) минут.
      2) учаскелік дәрігер немесе ЖПД мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын сенімхат бойынша оның өкілі немесе әлеуметтік қызметкер (учаскелік мейірбике) арқылы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясына (бұдан әрі – ДКК) жібереді, 3 (үш) сағат.
      3) ДКК құжатты қарап, шешім қабылдайды, "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі", "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйелерінде көрсетілетін қызметті алушының деректерінің болуын тексереді, хаттама ресімдейді, оған қол қояды, медициналық ұйымның мөрімен растайды және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 1 (бір) сағат.
      4) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен анықтаманы растайды және оны көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне немесе әлеуметтік қызметкерге (учаскелік мейірбикеге) көрсетілетін қызметті алушының үйіне құжатты жеткізу үшін береді, 30 (отыз) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "Медициналық-санитарлық
алғашқы көмек көрсететін
медициналық ұйымнан
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Дәрігердің қабылдауына өтініш жасау кезінде:
      


      Үйге шақыру кезінде:
      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздақ парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелді) сәйкес медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнанберілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжатты ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жібереді, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жіберу;
      2) дәрігер құжатты қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 10 (он) минуттан аспайды;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын толтырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жібереді, 10 (он) минут.
      2) дәрігер құжатты қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 10 (он) минуттан аспайды;
      3) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын толтырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 10 (он) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек
көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке
уақытша жарамсыздық парағын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздақ парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелді) сәйкес медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы беру.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жібереді, 10 (он) минут;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жіберу;
      2) дәрігер құжатты қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 10 (он) минуттан аспайды;
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
      3) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын толтырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 10 (он) минут.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжатты қарайды және көрсетілетін қызметті алушыны дәрігерге жібереді, 10 (он) минут;
      2) дәрігер құжатты қарайды, медициналық тексеріп-қараулар жүргізеді және медициналық тіркеушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын береді, 10 (он) минуттан аспайды;
      3) медициналық тіркеуші тіркеу журналында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын тіркеуді жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын толтырады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді, 10 (он) минут.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 4-бөлімінің тақырыбы жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламентің қосымшасында келтірілген.

  "Медициналық-стационарлық
алғашқы көмек көрсететін
медициналық ұйымнан еңбекке
уақытша жарамсыздық туралы
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Медициналық-стационарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      


  Әкімдіктің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Қаулыға толықтыру енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 03.05.2016 № 214 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1046 "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13103 болып тіркелген) бекітілген "Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама;
      2) Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарап, "Бекітілген халық тіркелімі" деректер базасында көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеріп, амбулаториялық пациенттің медициналық картасын береді және көрсетілетін қызметті алушыны осы қызметті ұсынуға жауапты дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыны осы қызметті ұсынуға жауапты дәрігерге жіберу;
      2) жауапты дәрігер құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 2 (екі) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) медициналық тіркеуші;
      2) жауапты дәрігер.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) медициналық тіркеуші мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар топтамасын қарап, "Бекітілген халық тіркелімі" деректер базасында көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексеріп, амбулаториялық пациенттің медициналық картасын береді және көрсетілетін қызметті алушыны осы қызметті ұсынуға жауапты дәрігерге жібереді, 15 (он бес) минуттан аспайды;
      2) жауапты дәрігер құжаттар топтамасын қарап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 2 (екі) жұмыс күні.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілер және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Транспланттау мақсатында
азаматтан қайтыс
болғаннан кейін оның тіндерін
және (немесе) ағзаларын
(ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде
еркін көңіл білдіруіне келісім
беру және қайтарып алуды
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

"Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы