Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 5368 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Н. Садуақасов


Әкімдіктің
2015 жылғы 12 қаңтардағы
№ 3 қаулысына қосымша

Меңдіқара ауданында Боровское орталықтандырылған
шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы
 

Су тарту көзінің атауы
 

Санитарлық қорғау аймағының мөлшері
 

І - белдеу
 

ІІ - белдеу
 

ІІІ - белдеу

шекарасы
 

ауданы
 

шекарасы
 

ауданы

шекарасы

ауданы

Ұңғымалар
№ 38
 

Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр
 

7,0 гектар
 

Радиусі – 178 метр
 

80,0 гектар

Радиусі – 3167 метр

3062 гектар

№ 39
 

Радиусі – 181 метр
 

№ 44ц
 

Радиусі – 178 метр
 

№ 45ц
 

Радиусі – 185 метр
 

№ 81
 

Радиусі – 152 метр
 

№ 83ц
 

Радиусі – 173 метр
 

№ 89
 

Радиусі – 179 метр
 

№ 98
 

Радиусі – 173 метр
 

№ 99
 

Радиусі – 179 метр
 


      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы «Боровское жер асты суларының орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары. «Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Боровское және Первомайское ауылдарының сумен жабдықталуын қайта құру» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – «Меңдіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі).