2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданының Целинное ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Н. Садуақасов |
Әкімдіктің |
Қарасу ауданының Целинное ауылындағы № 0710 және № 0810
ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы |
Санитарлық қорғау аймағының мөлшері |
|||||
І - белдеу |
ІІ - белдеу |
ІІІ - белдеу |
||||
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
шекарасы |
ауданы |
|
№ 0710, |
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 30 метр |
0,6 гектар |
Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 57,5 метр |
2,0 гектар |
Радиусі – |
51,8 гектар |
Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекарасы «Қостанай облысы Қарасу ауданының Целинное ауылындағы № 0710 және № 0810 ұңғымалары учаскесіндегі санитарлық қорғау аймақтары» жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші – «НұрАл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).