Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы

Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 2779 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 (нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 2347 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 7 "Қарақия" газетінде жарияланған), "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 19/204 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2476 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде № 40 "Қарақия" газетінде жарияланған) және "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 15/145 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 25/260 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірде № 32-35 "Қарақия" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Таджибаев).

      4. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Есенқосов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Мееров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарақия аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Рысбаев Қайрат Ерсұлтанұлы

      29 маусым 2015 жыл.

      "Қарақия аудандық экономика және

      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Жанайбаева Айнагүл Мұратқызы

      29 маусым 2015 жыл.

  Қарақия аудандық мәслихатының
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 27/285 шешiмiмен бекiтiлген

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2 - 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Осы қағида әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

      1. Жалпы ережелер

      3. Осы қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша аудан әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөрiс деңгейi – Маңғыстау облысының статистикалық органы есептейтін, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган);

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаменті;

      9) әлеуметтік көмекті төлейтін уәкілетті ұйым – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қажетті банк операцияларын реттейтін және қадағалайтын уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Қарақия ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;

      12) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек (ШАК) тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

      13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган бірлесіп әлеуметтік бейімдеу және (немесе) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың үміткермен жасалған кешені;

      14) әлеуметтік бейімдеу бойынша шаралар - қолданылып жүрген заңында көзделген тәртіпте жергілікті бюджет қаражаты есебінен көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, мүгедектерді оңалту құралдары ретінде, сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралар түрінде (тұрғын үй көмегі, жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік кеңістігін жағдайларға бейімделеу мақсатында берілетін шаралар;

      15) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

      Осы қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қоданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.06.2016 № 3/24 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2016 № 5/45(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен;

      4. Осы қағида әкімшіліктік – аумақтық бірліктерге сәйкес Қарақия ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санатындағы тұлғаларға қолданылады.

      5. Осы қағиданың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушыларға) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда берілетін көмек түсініледі.

      6. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетiлген тұлғаларға әлеуметтiк көмек осы қағидада көзделген тәртiппен көрсетiледi.

      7. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетiледi.

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

      2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн белгiлеу тәртiбi

      9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай, келесі мөлшерде көрсетіледі:

      1) 22 наурыз – Наурыз мерекесі:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш";

      2) 1986 жыл 26 сәуір – Чернобыльдағы атом электр станциясы (бұдан әрі – АЭС) апат күні:

      Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушы мүгедектерге - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      1986-1987 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыльдағы АЭС апатты жоюға қатысушыларға - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыльдағы АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыльдағы АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйеліне (еріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйеліне (еріне) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі үшін мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерi мен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай -ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;

      Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылдарына қатысушыларына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағындағы шайқас болған жерлерге, сонымен бірге қазақстандық жауынгерлер жерленген жерлерге бару үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелерін - әр адамға 150 000 (бір жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде біржолғы қаржылай көмек көрсетілуін қамтамасыз ету.

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендер қатарына жататын азаматтарға – 20 000 (жиырма мың) теңге;

      4) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:

      он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) жылына бір рет - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға жылына бір рет - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;

      Маңғыстау облысына сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар, "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын санатындағы тұлғаларға жылына бір рет - 36 (отыз алты) айлық есептік көрсеткіш;

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      7) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні:

      жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 (жетпіс) жастан жоғары зейнеткерлерге - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш.";

      8) 6 қазан - Қазақстан Республикасының мүгедектер күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.

      10. Он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек білім беру кезеңіне табыстарын есепке алмай, ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      11. Әлеуметтік көмек онкологиялық ауруымен ауыратын және иммун тапшылығын жұқтырған және мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген тұлғаларға есепке алмай әлеуметтік көмек, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей жылына бір рет – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      13. Өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттіліктерге, емделуге, дәрі-дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілген әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

      14. Ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат шегінде, жылына бір рет білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне төлеуге арналған нақты шығындарына және ай сайын тамақтану мен жатақ шығындарын ішінара жабуға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек:

      табысын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын мүгедек студенттерге, тұлдыр жетімдер мен балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;

      өтініш жасаған айдың алдындағы 12 айда жан басына шаққанда, Маңғыстау облысында белгіленген 3 (үш) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа табысы бар отбасылардағы келесі санаттағы студенттерге:

      ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм мемлекеттік мекемелерінің сұранысы бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде немесе медициналық жоғарғы оқу орындарында интернатурада оқитын студенттерге;

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек студенттерге;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      ата-анасының екеуі де зейнеткер болған студенттерге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа толмаған студенттерге көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық комиссия мен уәкілетті органның қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгіленсін.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.

      3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      16. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша зейнетақы төлеу орталығынан алынған тiзiм бойынша көрсетiледi.

      Айтулы күндер мен мерекелік күндерге әлеуметтік көмек алуға құқығы барларға, алайда орталық тізімінің электрондық нұсқасына қандай да бір себеппен енгізілмей қалғандарға Қарақия ауданы әкімдігі ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітеді.

      17. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты;

      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;

      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15016 болып тіркелген) (әрі қарай – Бұйрық) 4 қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

      5) өмiрдiң қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты;

      6) әлеуметтік көмек төлейтін уәкілетті ұйымдағы банк шоты нөмірін растайтын құжат;

      7) туу туралы куәлік (жоғары оқу орнындағы студенттерге);

      8) білім беру қызметінің келісім шарты (жоғары оқу орнындағы студенттерге);

      Өмірлік қиын жағдайдағы адамның (отбасының) мүддесіне байланысты адамның (отбасының) өздігінен хабарласа алмауының себебін көрсетіп, әлеуметтік көмек көрсетуге хабарласа алады:

      1) отбасының ересек мүшесі;

      2) қамқоршы (сенімгер);

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес сенім жүктелген тұлға.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      18. Шартты ақшалай көмек (бұдан әрі - ШАК) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (тұлғаның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу шарты негізінде және отбасы мүшесін (тұлғаны) әлеуметтік бейімдеу қажет болған жағдайда еңбекке қабілеттілерді қоса алғанда, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыға (тұлғаға) ұсынылады.

      18-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен Маңғыстау облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

      ШАК тағайындауға өтініш берген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады.

      Ескерту. 18-1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      19. Құжаттар салыстырылып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      20. Уәкілетті орган, ауыл, ауылдық округ әкімі емесе ассистент үміткер өтініш білдірген күні, оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді және үміткерге "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген кезде әңгімелесу жүргізеді.

      Әңгімелесу жүргізу кезінде:

      1)ШАК алу негіздемесі;

      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;

      3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша Бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияға береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Учаскелік комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, Бұйрықтың 9, 10 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жолдайды.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      24. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      25. Үміткер және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, өтініш беруші ұсынған құжаттарды уәкілетті орган комиссияның қарауына бір жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Комиссия күнтізбелік жеті күн ішінде үміткердің ұсынған құжаттарын қарайды, тиісті шешім қабылдайды және оны уәкілетті органға жолдайды.

      Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан алынған қорытындының, сондай-ақ қажет болған жағдайда комиссия ұсынымдарының негізінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін бір жұмыс күні ішінде қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ШАК тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы үміткерге тағайындау немесе себептерін көрсете отырып тағайындаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Үміткердің өтініші бойынша ШАК ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

      ШАК-ті алуға үміткер отбасының (тұлғаның) жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

      Бұл ретте жиынтық табыс Қазақстан Республикасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28-ші шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу Ережесіне сәйкес есептеледі.

      Осы Қағиданың 23 және 24 тармақтарында көрсетiлген жағдайда, уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      28. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылдаған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      29. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.10.2016 № 5/45 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      30. ШАК-тың біржолғы сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасының қосымшасына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (үй малын, құсын және басқада сатып алу), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға шығындардан басқа) пайдаланылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      31. Адамның (отбасының) орташа есеппен жан басына шаққандағы табысын есептеуді уәкілетті орган "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө бұйрығына сәйкес есептеледі.

      32. . Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) жан басына шаққандағы табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейінен алпыс пайызға артық болуы;

      2) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаудан бас тартуы;

      3) өтініш берушінің қолдану мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      4) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) учаскелік комиссияның отбасылық және материалдық жағдайына зерттеу жүргізуінен бас тартуы;

      5) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) дәйексіз (жалған) құжаттарды және жалған ақпаратты ұсыну фактілерінің анықталуы;

      6) өтініш берушінің және (немесе) отбасы мүшесінің (мүшелерінің) атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқта тұрудан бас тартқан жағдайда жүзеге асырады.

      Бұл ретте ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған дәйексіз

      мәліметтер ұсыну анықталған жағдайда адамға (отбасына) оны тағайындаған кезеңге ШАК төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Әлеуметтік көмек көрсетуге шығыстарды қаржыландыру қаржы жылына арналған Қарақия ауданының бюджетімен қарастырылған 025 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру" және 048 "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіру" бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржы шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3.1. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау.

      34. ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін Бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес отбасыға көмектің жеке жоспарын және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасақтау үшін шақырады.

      Бұл ретте, осы Ереженің 31 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар арасынан үміткерлер және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедектер, оқушылар, студенттер, тыңдаушылар, курсанттар және күндізгі оқу нысанындағы магистранттар, бір жұмыс күн ішінде жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолданады немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама беріледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 24.10.2016 № 5/45 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен;

      35. Жеке жоспар табысы аз азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін, өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады және кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу бойынша болжамды шаралар қамтиды, атап айтқанда:

      1) уәкілетті орган және (немесе) Жұмыспен қамту орталығының жәрдемдесуімен белсенді жұмыс іздеу, және оларға ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру;

      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілікті арттырудан өту;

      3) жеке кәсіпкерлік қызметті іске асыру, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу;

      4) халықтың нысаналы топтары мезгіл - мезгіл скринингтік тексеруден өту;

      5) отбасы құрамында жүкті әйел болған кезде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін, денсаулық сақтау мекемелеріне жүктіліктің 12 аптасына дейін тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;

      6) әлеуметтік мәні бар ауруы бар болған кезде (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) ерікті түрде емделу;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және (немесе) мүгедектерді оңалту шараларын уақтылы алу;

      8) табысы аз отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне байланысты уәкілетті органның қарауы бойынша айқындалған, кәсіби және әлеуметтік бейімдеу бойынша басқа да шаралар.

      36. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу:

      стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.

      37. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты:

      1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шараларды ұзарту қажет болған;

      2) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталған кезде еңбекке қабілетті адамдар (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімі аяқталмаған;

      3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) өзіне байланысты емес себептер бойынша (екі айдан артық жұмысқа уақытша жарамсыздық, жазатайым оқиға, дүлей апат) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамаған;

      4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне жету үшін қолдау қажет болған жағдайларда оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған кезде ШАК мөлшері қайта қаралмайды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған органында сақталады.

      39. Отбасының белсенділігін арттыруды әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындалу мониторинг жасалған органымен асырылады.

      40. Уәкілетті орган барлық кезеңде отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді іске асырады және жеке жоспардың орындалуын бақылайды, оның тиімділігін бағалайды.

      41. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      42. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      43. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

5. Қорытынды ереже

      44. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" немесе "әлеуметтік көмек базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 1 қосымша

Отбасының тіркеу нөмірі Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 3 қосымша

Учаскелік комиссияның № ________ қорытындысы

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 4 қосымша

"Шартты ақшалай көмек" жобасына қатысуға Өтініш

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 5 қосымша

АРНАЙЫ ШАРТ

      Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидасына 6 қосымша

"Шартты ақшалай көмек" алуға өтініш берушінің отбасылық және
материалдық жағдайы туралы сауалнама

      Ескерту. 6-қосымша алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.10.2017 № 11/134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.