РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 26/219 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2424 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымдағы № 23 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).
4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д.Медеуов |
Қалалық мәслихат | |
Хатшысы | С.Мыңбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Маркашова
30 наурыз2015 жыл.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 шешімімен бекітілген |
Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
Осы Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген.
1. Жалпы ережелер
1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі фунцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) уәкілетті орган - "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп- ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта конодоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті, Жаңаөзен қалалық бөлімшесі (бұдан әрі – ХҚКО);
8) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб- портал).
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2016 № 2/25 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну сомасының құрамына кіреді: сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару және лифттермен қамтамасыз ету бойынша шығындар.
6. Коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаю бөлігіне байланысты қызметтерді тұтынғаны, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтардың) жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) ХҚКО-на немесе веб-порталға, сондай - ақ уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және келесідей құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган ұсынған жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Ескерту. 7 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 23.05.2017 № 10/134 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады.
9. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі құрылған коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
10. Тұрғын үй көмегін көрсетуге азаматтардың келесі санаттары үшін өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бір бірлігінің нақты аумағына тең, бірақ алпыс екі шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, ауру себептеріне қарамастан мүгедектер және оларға күтім жасайтын азаматтар, тұл жетім балалар, ата - анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік оқу орнын бітіргенге дейін, кәмелетке толмаған балаларымен немесе үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасылары, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі күндізгі оқу нысанындағы оқу орындарында оқитын адамдармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасылары және тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегінде басқа санаттағы азаматтарға белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бір бірлігінің пайдаланылған нақты аумағына тең, бірақ елу шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін көрсетуде электрэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын тоқсан киловатт/сағат, және электр плиталарымен жабдықталған үйде тұратындарға электроэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын жүз он бес киловатт/сағат.
11. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігімен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырғандарды, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік - кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді
12. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде (отбасы құрамы, оның бюджеті, жылжымайтын мүлік алуы және тағы басқа), сондай - ақ көмекті қате есептеу жәйттері жөнінде он күн мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлайды.
Уәкілетті органға қасақана қате мәліметтер берген жағдайда көтермеленген немесе заңсыз өтемақы тағайындалуға әкеп соқса, заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі меншік иесімен (жалға беруші) ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен кері қайтарылады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылғаннан кейін тағайындалады.
13. Тапсырылған құжаттардың растығына көз жеткізу қажет болғанда уәкілетті орган арыз иесінің тұрған жерінің материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруді жүргізуге.
14. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алушының арызы бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум нысандарын басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегін төлеу
15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған көмек сомасының контингентін қорытындылап, тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетумен, пәтерлердің меншік иелерінің тізімін жасайды, тұрғын үй көмегін алушылардың мекен-жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет жеткізушілердің шотына аударады.
17. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша тізімнің негізінде ай сайын қызмет жеткізушілермен тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасына екі данада салыстыру актісі жасалады.