Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 2699 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) бекітілсін.

      2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 26/219 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2424 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымдағы № 23 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Р.Таумұрынов).

      4. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (И.Орынбеков) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д.Медеуов
      Қалалық мәслихат
      Хатшысы С.Мыңбай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Маркашова

      30 наурыз2015 жыл.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2015 жылғы 30 наурыздағы № 37/304
шешімімен бекітілген

Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы

      Осы Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі-Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленген.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) Алып тасталды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4) уәкілетті орган - "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      5) Алып тасталды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб- портал).

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2016 № 2/25(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.08.2018 № 22/282(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2019 № 40/467(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласының, Рахат, Тенге, Қызылсай ауылының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарға шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-1. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 3-1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 3-2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      5. Коммуналдық қызметтерді тұтыну сомасының құрамына кіреді: сумен жабдықтау, канализация, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару және лифттермен қамтамасыз ету бойынша шығындар.

      6. Коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаю бөлігіне байланысты қызметтерді тұтынғаны, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтардың) жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      Ескерту. 2- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. . Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды қоса өтініш береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес айқындалады;

      3) Алынып тасталды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 02.04.2020 № 42/490(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4) Алып тасталды- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағиданың 7-5 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстары туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға шоттарды ғана ұсынады.

      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 23.12.2019 № 40/467(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2020 № 42/490(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      7-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Қағида 7-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-2. Осы Қағиданың 7 - тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Қағида 7-2 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 7-3 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Қағида 7-4 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Қағида 7-5 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 7-6 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 06.08.2018 № 22/282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейінгі құрылған коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.

      10. Тұрғын үй көмегін көрсетуге азаматтардың келесі санаттары үшін өтемақы шараларымен коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бір бірлігінің нақты аумағына тең, бірақ алпыс екі шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, ауру себептеріне қарамастан мүгедектер және оларға күтім жасайтын азаматтар, тұл жетім балалар, ата - анасыз қалған балалармен бірге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік оқу орнын бітіргенге дейін, кәмелетке толмаған балаларымен немесе үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған баласымен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасылары, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі күндізгі оқу нысанындағы оқу орындарында оқитын адамдармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасылары және тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегінде басқа санаттағы азаматтарға белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегін көрсетуде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы тұрғын жайдың бір бірлігінің пайдаланылған нақты аумағына тең, бірақ елу шаршы метрден аспайтын болып белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегін көрсетуде электрэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын тоқсан киловатт/сағат, және электр плиталарымен жабдықталған үйде тұратындарға электроэнергиясын тұтынудың нормасы бір адамға ай сайын жүз он бес киловатт/сағат.

      11. Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігімен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға (жалдама) немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

      Үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырғандарды, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік - кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмейді

      12. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерістер жөнінде (отбасы құрамы, оның бюджеті, жылжымайтын мүлік алуы және тағы басқа), сондай - ақ көмекті қате есептеу жәйттері жөнінде он күн мерзім ішінде уәкілетті органға хабарлайды.

      Уәкілетті органға қасақана қате мәліметтер берген жағдайда көтермеленген немесе заңсыз өтемақы тағайындалуға әкеп соқса, заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі меншік иесімен (жалға беруші) ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен кері қайтарылады. Келесі мерзімге арналған тұрғын үй көмегі заңсыз алынған тұрғын үй көмегі бюджетке қайтарылғаннан кейін тағайындалады.

      13. Тапсырылған құжаттардың растығына көз жеткізу қажет болғанда уәкілетті орган арыз иесінің тұрған жерінің материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруді жүргізуге.

      14. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің төлемі тұрғын үй көмегін алушының арызы бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының, қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум нысандарын басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Ескерту. 3- тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      16. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған көмек сомасының контингентін қорытындылап, тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетумен, пәтерлердің меншік иелерінің тізімін жасайды, тұрғын үй көмегін алушылардың мекен-жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет жеткізушілердің шотына аударады.

      17. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша тізімнің негізінде ай сайын қызмет жеткізушілермен тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасына екі данада салыстыру актісі жасалады.