"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 324 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашада № 2878 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 тармағының 4) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Б. Ерсайынұлы
      23 қазан 2015 жыл

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қазандағы
№ 324 қаулысымен
бекітілген

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
 
  1. Жалпы ережелер

      1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мыналардың
      1) ағымдағы жылда және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында тыңайтқыштарды жеткізушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыштарды өндірушіден сатып алынған тыңайтқыштарға (органикалықтарды қоспағанда) жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің;
      2) ағымдағы жылда және өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізілген тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) құнын арзандату үшін отандық тыңайтқыш өндірушілердің банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 4-4/679 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11946 болып тіркелген) бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген өзгеде құжаттарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі -бөлім) беруі болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) бөлімнің кеңсесінде құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу – 15 (он бес) минут;
      2) өтінімді қабылдау туралы әкімдіктің интернет-ресурстарында, ресми баспа басылымдарында жариялау;
      3) өтінімді тексеру және көрсетілетін қызметті берушіге жолдау – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
      4) ақы төлеуге төлем құжаттарын жолдау – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген қолхат беру;
      2) өтінімді қабылдау туралы хабарландыру;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға хат жолдау;
      4) ақы төлеуге төлем шоттары.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) бөлімнің кеңсесі;
      3) бөлім;
      3) көрсетілетін қызметті беруші.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) бөлімнің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
      2) бөлім жылдың табиғи – климаттық жағдайын ескере отырып өтінімдерді қабылдаудың басталатын және аяқталатын күнін белгілейді және әкімдіктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми баспа басылымдарында өтінімдерді қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады;
      3) бөлім келіп түскен өтінімді «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) бекітілген тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді және көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша түрде хабардар етеді – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті беруші қазынашылықтың аумақтық бөліміне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) тыңайтқыштарды өндірушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін ақы төлеуге төлем құжаттарын береді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
 

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды
қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша