РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 5) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
25 қыркүйек 2015 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 288
қаулысымен бекітілген
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметке өтінішті қабылдау және қорытындыларын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және облыстың, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін төлеуге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс - қимылды тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11684 болып тіркелген) бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі -бөлім) беруі болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс - қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің берген төлем туралы өтінімдерін немесе өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) бөлім өтінімді «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11451 болып тіркелген) бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына, төлем туралы өтінімді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) бөлім субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) бөлім Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің жасалған тізілімін тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) өтінімді қабылдау уақыты мен күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, өтінімнің көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімдерін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыру, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізуші ауыл шаруашылғы тауарын өндірушілердің төлем туралы өтінімі немесе өтінімнің жиынтық тізілімі;
3) өтінімді қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат;
4) бөлімнің төлем туралы өтінімді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге жіберуі;
5) бөлімнің биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасауы;
6) бөлімнің биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге жіберуі;
7) өтінімдер және тізілімдер түскеннен кейін, көрсетілетін қызметті берушінің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынуы;
8) өтінімдерді тексергеннен және тізілім жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынуы.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1) бөлімнің кеңсесі;
2) бөлім;
3) көрсетілетін қызметті беруші.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) бөлімнің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және ресми баспа басылымдарында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер берген өтінімдерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің берген төлем туралы өтінімдерін немесе өтінімдерінің жиынтық тізілімін қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруды орналастырады - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
3) бөлім өтінімді Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігі тұрғысына, төлем туралы өтінімді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жиынтық тізілімін тексереді - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
4) бөлім субсидия беруде оң шешім болған жағдайда өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) бөлім Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6) бөлім тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін жасағаннан кейін биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
7) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің тізілімі түскеннен кейін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндіршілер мен биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
8) көрсетілетін қызметті беруші өтінімдерді және тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдер берілген биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің жасалған тізілімін тексергеннен кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушіге субсидия беруде оң шешім болған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің және (немесе) биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлеуге төлем құжаттарын ұсынады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
«Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және биопрепараттардың
құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша