РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, бірақ «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11705 болып тіркелген) қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы С. Алдашев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
13 тамыз 2015 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 тамызда
№ 250 қаулысымен
бекітілген
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11705 болып тіркелген) бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі болып табылады
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімімен (бұдан әрі – Бөлім) құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды тексеру, ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) Комиссияның құжаттарды қарауы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізімін жасау – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) Комиссия мүшелерінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуы – 2 (екі) апта мерзімде;
4) Комиссияның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егістіктері мен екпелерін қабылдау актісін (бұдан әрі – қабылдау актісі) жасау – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
5) Комиссияның тізімді жасауы және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкіміне бекітуге жолдау – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімімен тізімді қарауы және бекітуі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
7) Бөлімнің бекітілген тізімді, қабылдау актісін және анықтаманы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) ұсынуы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
8) Басқарманың құжаттарды қарауы, аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынуы - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара
іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) Бөлім;
2) Комиссия;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;
4) Басқарма.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) Бөлім құжаттарды қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және Комиссияның қарауына енгізеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) Комиссия Бөліммен ұсынылған құжаттарды қарайды, субсидия алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тізімін жасайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) Бөлім егістің белгіленген оңтайлы мерзімі аяқталған соң өскіндердің болуын шолып тексеру мақсатында Комиссия мүшелерінің (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шаруашылықтарына шығуын ұйымдастырады – 2 (екі) апта мерзімде;
4) тексеру қорытындылары бойынша Комиссия мүшелері (келісім бойынша) өткен жылғы күздік дақылдарды (қыстап шыққаннан кейін) және көп жылдық шөптерді қоса, «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) туралы бекітілген Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау актісін жасайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
5) Комиссия қабылдау актісінің және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Бөлімге ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін тізім жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкіміне бекітуге жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі тізімді қарастырады және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
7) Бөлім Басқармаға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмірі көрсетілген банктік шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
8) Басқарма құжаттарды тексереді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бюджеттік субсидиялар төлеу үшін ведомость қалыптастырады, аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша