РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 27 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының 1 - тармағының 3) тармақшасының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
29 шілде 2015 жыл.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілде
№ 218 қаулысымен бекітілген
«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының белгіленген нысан бойынша өтінімді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген) бекітілген «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды беруі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен құжаттарды қабылдау және тіркеу – 15 (он бес) минут;
нәтижесі – өтінімді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтінімнің көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе пошта жөнелтілімдерін беруді жүргізетін пошта ұйымының құжаттамасындағы белгі;
2) өтінімді «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 4-1/168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11151 болып тіркелген) бекітілген Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкестігін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) қарауы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
нәтижесі – өтінімдерді ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) енгізу;
3) Комиссияның жергілікті жерге барып, зерттеп-қарау актісін жасауы, субсидияны беру немесе беруден бас тарту туралы хаттамалық шешімді Комиссияның қабылдауы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
нәтижесі – зерттеп-қарау актісін жасау және хаттамалық шешімді қабылдау;
4) Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсынуы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
нәтижесі – төлем құжаттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Бөлім;
3) Комиссия;
4) Басқарма.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) Бөлім:
жыл сайын 15 мамырға дейінгі мерзімде субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыруды аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және жергілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
агроөнеркәсіптік кешен субъектісінен (бұдан әрі – АӨК субъектісі) өтінім түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды. АӨК субъектісінен Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін өтінім ұсынылған жағдайда, өтінімді АӨК субъектісіне 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтадан пысықтауға қайтарады;
АӨК субъектісінің өтінімін Комиссияға енгізеді;
3) Комиссия:
Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып:
Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін;
Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды;
тиісті акті жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды;
4) Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге Басқармаға жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді;
5) Басқарма жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісінен өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.
Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң
көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру
(оның iшiнде қалпына келтiру)
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша