Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 343 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5259 болып тіркелді. Күші жойылды - Кызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 383 шешімімен
Күшін жойған"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 387-бабының 1, 1-1-тармақтарына, 444-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлiнген (бөлiп шығарылған) және казино орналасқан жерлердi қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерi 50 пайызға жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесi және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
3. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Жер салығының ставкалары туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 30 қарашадағы № 363 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 23 желтоқсанда № 10-8-163 болып тіркелген, 2012 жылғы 09 қаңтарда "Тіршілік тынысы" газетінің №2 жарияланған);
"Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 20 наурыздағы № 36 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 10-8-173 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 сәуірде "Тіршілік тынысы" газетінің № 33 жарияланған).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.