1. Қоса берілген Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | К. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы "8" сәуір №911 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары
1.Жалпы ережелер
1. Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексіне және "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін анықтайды.2. Коммуналдық қалдықтарға тұрмыстық қатты қалдықтар және елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ, құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары жатады.
2.Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.4. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
5. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
7. Облыстың қала және аудан орталықтарының тұрғындары тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелері:
халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
халқының саны 300 - 500 мың адам болатын қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 1%-ын;
халқының саны 500 мың адамнан асатын қалаларда - 0,5%-ын (соның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам) қамти отырып таңдалады.
8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортарын жасайды.
9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен масса өлшеу жабдығы пайдаланылады.
10. Өлшеуді бастамас бұрын контейнердегі қалдықтар тегістеледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтың көлемі анықталады.
11. Жинақталған қалдықтардың массасы толған контейнерлерді өлшеу жолымен және кейін бос контейнердің массасын алып тастау арқылы анықталады.
12. Егер бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос техниканы автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға рұқсат етіледі.
13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректер осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне жазылады.
14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша жалпы саны шығарылады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтарды түзудің және жинақтаудың жиынтық маусымдық ведомосіне енгізіледі.
15. Маусымдық өлшеу жүргізілгеннен кейін деректер (масса, көлем) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосіне енгізіледі.
16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге тиіс.
17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны таңдап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын барлық контейнерлер толық тазартылуға тиіс.
18. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу өлшеу жүргізген күнінен кейінгі келесі күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
19. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Қала, аудан орталығы, елді мекен___________________________________1. Мекенжайы ___________________________________________________
2. Қабаттылығы __________________________________________________
3. Үйдің нөмірі __________________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам ____________________________
5. Жайлылық деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ____________________________
б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ___________________
в) отынның түрі - көмір (тас, қоңыр), ағаш отын, газ
________________________________________________________________
г) қоқыс құбырының болуы ________________________________________
д) аула аумағының алаңы, м2 _______________________________________
оның ішінде
жасыл екпелері бар _______________________________________________
жабыны қатты ___________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар _______________________________________
6. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы
________________________________________________________________
7. Қоқысты шығару кезеңділігі _____________________________________
8. Қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша)
________________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Нысан |
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Қала, аудан орталығы, елді мекен _______________________________1. Объектінің атауы ___________________________________________
2. Мекенжайы ________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет)
_____________________________________________________________
4. Орын саны (қызметкерлер және тағы басқалар) ___________________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті:
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _____________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ______________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам ____________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 _________________________________
оның ішінде:
сауда алаңы ___________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң ____________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м2 ___________________________________
оның ішінде:
жасыл екпелері бар______________________________________________
жабыны қатты __________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі ______________________________
11. Тамақ қалдықтарын және қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме? (қандай және қанша) _____________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә., лауазымы
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Бастапқы жазба бланкісі
_________________(күні)
_______________________________________________ объектісі бойынша
(атауы, мекенжайы)
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__ жылғы " ___" _____________ бастап "___" ____________ дейінЖайлылық типі _________________________________________
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 5-қосымша Нысан |
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі _________________________________________________Барлығы
Тәулігіне орташа
Қолдары
Т.А.Ә., лауазымы
Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 6-қосымша |
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):
V конт=h*S
S - контейнер түбінің алаңы, м2;
2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:
Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3….
3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mконт =m3- mп
mп - қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;
4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mтәу = mконт1+mконт2+mконт3…
5) жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады.
Өлшеу қызмет көрсету кестесіне сәйкес контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір мезгілінде жеті күн бойы (үзіліссіз) жүргізіледі.
Өлшеу жүргізу мерзімдері: қыста - желтоқсан/қаңтар; көктемде - сәуір/мамыр; жазда - маусым/шілде; күзде - қыркүйек/қазан.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+….+ Vтәу7
6) маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
mмаус= mтәу1 + mтәу2 +…+ mтәу7
7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау (есептік бірлік) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус / (n × a)
mтм = mмаус / (n × a)
a - есептік бірліктердің саны;
8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vқ тм + Vк тм + Vжтм +Vкү тм)/n
mтом= (mқ тм + mк тм + mж тм+ mкү тм)/n
n - қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).
9) объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож х nк
mж = mтож х nк
2. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша мынадай есеп жүргізіледі:
1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gор, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
gор =m/V,
2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:
көлемі бойынша:
Kбе = Vом/Vж
Kбе = mом/mж
көлемі бойынша:
Kмбе = Vmaxтәу./Vом
массасы бойынша:
kсн = mmaxтәу./mом
3. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі.
Осылайша алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталу көлемінің бес пайызынан аспауға тиіс.
Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
h – биіктік;
S – көлем;
кг – килограмм;
м – метр;
м2 – шаршы метр;
м3–текше метр