1. Қоса беріліп отырған "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 50/03 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының 1 тармағының 3) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2772 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 2 қазандағы № 175-176 (21696-21697) "Индустриальная Караганда" және 2014 жылғы 2 қазандағы № 189-190 (21824) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 56/02 қаулысымен бекітілген |
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 4-1/379 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11278 болып тіркелген) бекітілген "Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен (сенімхат бойынша өкілімен) белгілінген нысан бойынша өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – көрсетілетін қызмет алушының өтінімнің көшірмесінде өтінімді тапсырған күнін және уақытын көрсете отырып тіркелгені туралы белгі;
2) бөлім көрсетілетін қызмет алушыдан өтiнiм түскен күннен бастап онының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестiгiн қарастырады және өтінімді ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгiзедi – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде. Нәтижесі – өтінімді Комиссияның қарауына жолдау;
3) Комиссия бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін және өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – тиісті зерттеп-қарау актілері;
4) Комиссия тиісті акті жасалған күннен бастап субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
Нәтижесі – бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - басқарма) жолдайды;
5) басқарма көрсетілетін қызмет алушының өтінімі түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – ақы төлем құжаттарын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:1) бөлім;
2) Комиссия;
3) басқарма.
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
7. Құрылымдық бөлiмшелер (жұмыскерлер) арасындағы әр рәсiмнің (iс-әрекеттің) ұзақтығы нұсқауымен рәсiмдер (iс-әрекеттер) тiзбегінiң сипаттамасы:
1) бөлім көрсетілетін қызмет алушының құжаттарды тапсыру кезінен бастап оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) бөлім көрсетілетін қызмет алушыдан өтiнiм түскен күннен бастап онының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестiгiн қарастырады және Комиссияның қарауына енгiзедi – 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде;
3) Комиссия бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін және өсіруді зерттеп-қарау актісін жасайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
4) Комиссия тиісті акті жасалған күннен бастап субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
5) басқарма көрсетілетін қызмет алушының өтінімі түскеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік копрорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |