1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы каулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Әбдібеков |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 48/02 қаулысымен бекітілді |
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру облыстың жергілікті атқарушы органы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 4-2/419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі;
2) ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) субсидия алушылар тізбесін (бұдан әрі – аудан бойынша тізбе), ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері олар арқылы берілген тұқым өсіру шаруашылықтарының тізілімін (бұдан әрі – аудан бойынша тізілім) қалыптастырады және оларды аудан әкімшілігіне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – аудан бойынша тізбе және тізілім;
3) аудан әкімі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – аудан бойынша бекітілген тізбе және тізілім;
4) бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – аудан бойынша бекітілген тізбені және тізілімді басқармаға ұсыну;
5) басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап субсидияларды төлеу үшін жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, облыс бойынша белгіленген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды, субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді – 10 (он) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості;
6) басқарма тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда оны екі данада ұсынады – 10 (он) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:1) бөлім;
2) ВАК;
3) аудан әкімі;
4) басқарма.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) бөлім көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
2) ВАК аудан бойынша тізбесін және де аудан бойынша тізілімін қалыптастырады және оларды аудан әкімшілігіне бекітуге жолдайды – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
3) аудан әкімі аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4) бөлім аудан бойынша тізбені және аудан бойынша тізілімді басқармаға ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
5) басқарма құжаттар келіп түскен күннен бастап субсидияларды төлеу үшін жиынтық актілерді жасайды және бекітеді, облыс бойынша белгіленген жиынтық актілер бойынша және субсидиялардың белгіленген мөлшерлерінің негізінде төлеуге жататын субсидиялардың көлемдерін анықтайды, субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
6) басқарма тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шоты қағаз тасығышта ұсынылған жағдайда оны екі данада ұсынады – 10 (он) жұмыс күні ішінде.
8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1- қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.| "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок-схемасы

| "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

