"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 48/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 3413 болып тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы каулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 тамыздағы
№ 48/02 қаулысымен бекітілді

"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет көрсетуші).

       Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" № 4-2/419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен өтініш беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:

      1) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі;

      2) бөлім 3 (үш) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды;

      3) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бөлім:

      өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда – нысан бойынша оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді;

      теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні немесе Мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабардар етеді және нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды;

      облыс басқармасына тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды;

      4) облыс басқармасы тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімі келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:
      1) бөлім;
      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      4) басқарма.
      5) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі;

      2) бөлім 3 (үш) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды;

      3) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бөлім:

      өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда –нысан бойынша оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді;

      теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні немесе Мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабардар етеді және нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды;

      облыс басқармасына тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды;

      4) облыс басқармасы тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімі келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      8. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1- қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

       4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;

       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;

       6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      


      

  "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 12.05.2017 № 29/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.