Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/18 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 3355 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген), Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген:
      1) "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.
 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс- қимылды) бастау үшін негіздеме Стандартқа 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен ұсынылған өтініш болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, орындалу ұзақтығы, жүзеге асыру мерзімдері:
      1 - іс-қимыл - кеңсе қызметшісімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2 - іс-қимыл - бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына тапсыру - 30 минут;
      3 - іс-қимыл - бөлім маманының құжаттардың Стандарттың  9-тармағыменкөзделген талаптарға сәйкестігін қарау және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімді әзірлеуі - сегіз жұмыс күні;
      4 - іс-қимыл - бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы - 20 минут;
      5 - іс-қимыл - бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау - бір жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1 - іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды бөлім басшысына беру болып табылады. Бөлім басшысына құжаттарды беру осы регламенттің 5 - тармағында көрсетілген 2 - іс –қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен құжаттарды қарау және құжаттарды бөлім маманына беру болып табылады. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс –қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын шешімді әзірлеуі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 іс-қимылдың нәтижесі болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс- қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылдың нәтижесі бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау болып табылады.
 

3. Мемлекеттiк қызметтерді көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) кеңсе қызметерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2) бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру - 30 минут;
      3) бөлім маманымен құжаттардың Стандарттың 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімді әзірлеу - сегіз жұмыс күні;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы - 20 минут;
      5) бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау - бір жұмыс күні.
      9. Әрбір рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес, бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсетілмейді.
 


"Жетім баланы және (немесе) ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған баланы
асырап алуға байланысты біржолғы
ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысы аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің нысаны: қағаз жүзінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен ұсынылған өтініш мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы, жүзеге асыру мерзімдері:
      1-іс-қимыл – бөлімнің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру – 20 минут;
      2-іс-қимыл – бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру – 30 минут;
      3-іс-қимыл – бөлім маманы құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау және қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама дайындау – он жұмыс күні;
      4-іс-қимыл – бөлім басшысының мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қоюы – 20 минут;
      5-іс-қимыл – бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жіберу – бір жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күні.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі бөлім басшысына құжаттарды беру болып табылады. Бөлім басшысына құжаттарды беру осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын құжаттарды бөлім басшысымен қарау және құжаттарды бөлім маманына беру болып табылады. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын шешімді дайындауы осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға жолдау болып табылады.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) бөлім кеңсесінің қызметкері;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлім маманы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) бөлім кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау мен тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру – 20 минут;
      2) бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру – 30 минут;
      3) бөлім маманымен құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама дайындау – он жұмыс күні;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою – 20 минут;
      5) бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау – бір жұмыс күні.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес, бизнес-процестерінің анықтамылығымен сүйемелденген.
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
 


"Аз қамтылған отбасылардағы
балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін
құжаттар қабылдау және
жолдама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалар мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша стандарттың 10 - тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша бала асырап алуға мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды немесе Стандарттың  10 – тармағыменкөзделген негіздемелер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.
 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс - қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен ұсынылған өтініш болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс- қимылдар) мазмұны, орындалу ұзақтығы, жүзеге асыру мерзімдері:
      1 - іс-қимыл - кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2 - іс-қимыл - бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына тапсыру - 30 минут;
      3 - іс-қимыл - бөлім маманымен құжаттардың Стандарттың  9- тармағыменкөзделген талаптарға сәйкестігін қарау және бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындау - сегіз күнтізбелік күн;
      4 - іс-қимыл - бөлім басшысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою - 20 минут;
      5 - іс-қимыл - бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау - бір күнтізбелік күн.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он бес күнтізбелік күн.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1 - іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды бөлім басшысына беру болып табылады. Бөлім басшысына құжаттарды беру осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен құжаттарды қарау және құжаттарды бөлім маманына беру болып табылады. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын шешімді әзірлеуі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылдың нәтижесі болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылдың нәтижесі бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау болып табылады.
 

3. Мемлекеттiк қызметтерді көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2) бөлім басшысының құжаттарды қарауы, құжаттарды бөлім маманына беру - 30 минут;
      3) бөлім маманымен құжаттардың Стандарттың 9 - тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау және бала асырап алуға үміткер болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындауы - сегіз күнтізбелік күн;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қоюы - 20 минут;
      5) бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау - бір күнтізбелік күн.
      9. Әрбір рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес, бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылмаған және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қызмет көрсетілмейді.
 


"Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы