Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 34/18 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 3355 болып тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген), Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген:
      1) "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз жүзінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс- қимылды) бастау үшін негіздеме Стандартқа 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен ұсынылған өтініш болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, орындалу ұзақтығы, жүзеге асыру мерзімдері:
      1 - іс-қимыл - кеңсе қызметшісімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2 - іс-қимыл - бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына тапсыру - 30 минут;
      3 - іс-қимыл - бөлім маманының құжаттардың Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау және жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімді әзірлеуі - сегіз жұмыс күні;
      4 - іс-қимыл - бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы - 20 минут;
      5 - іс-қимыл - бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау - бір жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күні.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі құжаттарды бөлім басшысына беру болып табылады. Бөлім басшысына құжаттарды беру осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс –қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 - іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен құжаттарды қарау және құжаттарды бөлім маманына беру болып табылады. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс –қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын шешімді әзірлеуі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 іс-қимылдың нәтижесі болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 - іс- қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 - іс-қимылдың нәтижесі бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызметтерді көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) кеңсе қызметерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу құжаттарды бөлім басшысына беру - 20 минут;
      2) бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру - 30 минут;
      3) бөлім маманымен құжаттардың Стандарттың 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешімді әзірлеу - сегіз жұмыс күні;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы - 20 минут;
      5) бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау - бір жұмыс күні.
      9. Әрбір рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (iс-қимылдар) реттiлiгiнің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес, бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Тарауының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  "Жетім баланы және (немесе)
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған баланы
асырап алуға байланысты
біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы



  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысы аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз жүзінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 болып тіркелген) бекітілген "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің нысаны: қағаз жүзінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен ұсынылған өтініш мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны, орындалу ұзақтығы, жүзеге асыру мерзімдері:
      1-іс-қимыл – бөлімнің кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру – 20 минут;
      2-іс-қимыл – бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру – 30 минут;
      3-іс-қимыл – бөлім маманы құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарау және қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама дайындау – он жұмыс күні;
      4-іс-қимыл – бөлім басшысының мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қоюы – 20 минут;
      5-іс-қимыл – бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жіберу – бір жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – он бес жұмыс күні.
      6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі бөлім басшысына құжаттарды беру болып табылады. Бөлім басшысына құжаттарды беру осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын құжаттарды бөлім басшысымен қарау және құжаттарды бөлім маманына беру болып табылады. Бөлім маманының құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын шешімді дайындауы осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болып табылатын бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне қол қоюы болып табылады. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5-іс-қимылдың нәтижесі бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушыға жолдау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) тізбесі:
      1) бөлім кеңсесінің қызметкері;
      2) бөлім басшысы;
      3) бөлім маманы.
      8. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) бөлім кеңсе қызметкерімен құжаттарды қабылдау мен тіркеу, құжаттарды бөлім басшысына беру – 20 минут;
      2) бөлім басшысымен құжаттарды қарау, құжаттарды бөлім маманына беру – 30 минут;
      3) бөлім маманымен құжаттарды Стандарттың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкестігін қарауы және қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама дайындау – он жұмыс күні;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою – 20 минут;
      5) бөлім басшысымен қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызмет алушыға жолдау – бір жұмыс күні.
      Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес, бизнес-процестерінің анықтамылығымен сүйемелденген.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Тарауының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      

  "Аз қамтылған отбасылардағы
балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін
құжаттар қабылдау және
жолдама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 маусымдағы
№ 34/18 қаулысымен
бекітілген

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Қарағанды облысының әкімдігінің 08.01.2016 № 01/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Баланы асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін кызметті беруші).
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелді) бекітілген "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (одан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес бала асырап алуға үміткер (лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.
      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың ұсынылуы мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін кызметті алушы) өтініші немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолы (бұдан әрі – ЭСҚ) қойылған электрондық құжат түріндегі сұрау болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1 әрекет - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 20 (жиырма) минут;
      нәтиже – бөлім басшысына бұрыштама қоюға құжаттарды жолдау;
      2 әрекет - бөлім басшысы құжаттарды қарайды және жауапты маманды тағайындайды - 20 (жиырма) минут;
      нәтиже - орындау үшін жауапты маманды анықтау;
      3 әрекет - жауапты маман құжаттардың Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған талаптарына сәйкестігін қарайды және асырап алуға үміткер болуға азаматтардың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындайды – 10 (он) күнтізбелік күн;
      нәтиже – шешімді бөлім басшысына қол қою үшін жолдау;
      4 әрекет – бөлім басшысы асырап алуға үміткер болуға азаматтардың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны қарайды және 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде қол қояды;
      нәтиже – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің шешімін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеу үшін жолдау;
      5 әрекет - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға асырап алуға үміткер болуға азаматтардың мүмкіндігі (мүмкінеместігі) туралы қорытындыны тіркейді және береді – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде;
      нәтиже - асырап алуға үміткер болуға азаматтардың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны көрсетілетін қызметті алушысымен алуы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушымен құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсіміне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелер тізілімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметшісі;
      2) бөлім басшысы;
      3) жауапты маман.
      7. Құрылымдық бөлімшелер арасында мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімдеменің (іс-қимылдар) ұзақтығын көрсетумен рәсімдемелердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
      1) кеңсе қызметшісімен құжаттарды қабылдау және тіркеу, бөлім басшысына жіберу – 20 (жиырма) минут;
      2) бөлім басшысы құжаттарды қарап, құжаттарды жауапты маманыға тапсыру - 20 (жиырма) минут;
      3) жауапты маманның құжаттардың Стандарттың 9 тармағымен қарастырылған талаптарына сәйкестігін қарауы және асырап алуға үміткер болуға азаматтардың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындауы – 10 (он) күнтізбелік күн;
      4) бөлім басшысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қоюы - бір күнтізбелік күн ішінде;
      5) бөлім басшысының қолықойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау - бір күнтізбелік күн ішінде.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Тарауының тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.06.2016 № 43/06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      8. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы регламентке 1-қосымшаға сай мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасында көрсетілген:
      1 әрекет - қызмет алушының компьютеріндегі интернет-браузерге ЭСҚ-ны тіркеу куәлігін бекіту және көрсетілтені қызметті алушымен көрсетілетін қызметті алу үшін порталда парольді енгізуі (авторизация әрекеті);
      1 шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) логин) және пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы туралы деректердің төлнұсқалығын тексеру;
      2 әрекет - порталда қызмет алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болған жағдайында, авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3 әрекет - көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті қызмет алушымен таңдау, көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және электрондық түрде стандарттың 9-тармағына сай құжаттарға сұраным нысанына бекіту;
      4 әрекет - сұрау салуды растау (қол қою) үшін қызмет алушымен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдау;
      2 шарт - порталда ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ, ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН мен көрсетілген сұраудың ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      5 әрекет - 2-шартта бұзушылықтар болған жағдайда, сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      6 әрекет - мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет алушының ЭЦҚ арқылы сұрауын куәландыру (қол қою);
      7 әрекет - қызмет алушының электрондық сұрауын порталда тіркеу;
      3 шарт - қызмет берушімен қызмет алушының бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою үшін талаптарға сәйкестігін тексеру;
      8 әрекет - порталда қызмет алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болған жағдайында, авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9 әрекет - қызмет алушымен порталда қалыптасқан мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолданумен қалыптасады.
      9. Қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелердің (қызметшілердің) өзара әрекеттесуінің, рәсімдемелердің (әрекеттің) бірізділігін егжей – тегжейлі сипаттау, сонымен қатар қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелердің қолданылуын сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сай, мемлекеттік қызметті көрсету бизнес - үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы



  "Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамалығы