1. Қоса беріліп отырған:
1) "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 175 қаулысының 1 тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2282 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамыздағы № 112 (17969) "Ақ жол" газетінде жарияланған);
2) "Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысының 1 тармағының 1) және 5) тармақшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2304 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №127 (17984) "Ақ жол" газетінде жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекiтiлген |
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 8 мамырында № 10980 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Жамбыл облысының балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарымен, жалпы орта білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: білім алушыны ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымына қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9–тармағында көрсетілген өтініші болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, тіркеу –
10 минут ішінде;
2) құжаттарды қарастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 15 минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 5 минут ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс–қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар өтініш;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды – 10 минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды – 15 минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді – 5 минут ішінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында -
www.e.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының);
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекiтiлген |
"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Балаларға қосымша білім беру және "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсын өткізу саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 8 мамырында № 10980 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт), аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып, барлық құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып көрсетілетін қызметті алушының өтініші болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, талдау, тіркеу
– 15 минуттан аспайды;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау және беру – 15 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау туралы қолхат, не бас тарту туралы дәйекті жауап.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
8. Әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 минут ішінде құжаттарға стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізіп, тіркейді және 15 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындап, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе бас тарту туралы дәйекті жауапты береді.
4 .Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
9. Стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің 1 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында -www.edu.gov.kz, bilim.edu.zhambyl.kz және көрсетілетін қызметті берушінің
интернет-ресурсында орналастырылады.
Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беру конкурсына қатысу үшін
құжаттарды қабылдау"
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекiтiлген |
"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 8 мамырда № 10981 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт), Жамбыл облысы аудандарының (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – халыққа қызмет көрсету орталығы);
3) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – стандарттың 1 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініші мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі – құжаттар) немесе портал арқылы электронды сұраныс болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау және стандарттың 9 – тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкестігін талдау, тіркеу – 10 минуттан аспайды;
2) құжаттарды қарастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау – 15 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру – 5 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс – қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:көрсетілетін қызмет берушінің жауапты қызметкері.
8. Әрбір рәсімнің (іс – қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтініш түскен сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды стандарттың 9 – тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігіне талдау жүргізіп, тіркейді, қарастырады, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 минут ішінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібін сипаттау
9. Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей, не халыққа қызмет көрсету орталығына немесе портал арқылы жүгінеді.
Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;
2) халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 30 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін халыққа қызмет көрсету орталығынан көрсетілетін қызметті берушіге жөнелту мерзімі – құжаттарды қабылдағаннан кейін бірден;
4) көрсетілетін қызметті алушы (не сенім хат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттың 9 – тармағында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 – тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3–қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттар қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10. Осы регламентке 1 – қосымшада халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде көрсетiлетiн қызметті алушының сұранысын тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдары (мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестігінің №1 диаграммасы) көрсетілген:
1) 1 – үдеріс, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнында мемлекеттік қызметті көрсету үшiн логин мен парольдi енгiзуi (авторизациялану үдерісі);
2) 2 – үдеріс, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің осы регламентте көрсетiлген мемлекеттік қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызметті көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және орталық қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мәлiметтерiн, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы өкiлiнiң сенiмхаты бойынша мәлiметтердi (нотариалдық түрде куәландырылған сенiмхат, сенiмхаттың басқа куәлiгi болғанда – сенiмхат мәлiметтерi толтырылмайды) толтырады;
3) 3 – үдеріс, "электрондық үкiмет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк мәлiметтер базасында көрсетілетін қызметті алушы мәлiметтерi туралы, сонымен қатар бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде көрсетілетін қызметті алушы өкiлiнiң мәлiметтерi туралы тапсырысты жіберу;
4) 1 – шарт, көрсетілетін қызметті алушы мәлiметтерiнiң "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк мәлiметтер базасында болуын, бiрыңғай нотариалдық ақпараттық
жүйеде сенiмхат мәлiметтерiн тексеру;
5) 4 – үдеріс, "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк мәлiметтер базасында көрсетілетін қызметті алушы мәлiметтерiнiң, бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеде сенiмхат мәлiметтерiнiң болмауына байланысты мәлiметтердi алу мүмкiн еместiгi туралы хабарлама қалыптастыру;
6) 5 – үдеріс, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің қағаз үлгiсiндегi құжаттардың болуы туралы тапсырысты толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерден өткiзуi, оларды тапсырыс нысанына тiркеуi және мемлекеттік қызметті көрсету үшiн толтырылған нысанды (енгiзiлген мәлiметтердi) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыру;
7) 6 – үдеріс, "электрондық үкiмет" шлюзі арқылы "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзiнің автоматтандырылған жұмыс орнына халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған (қол қойылған) электронды құжатты (көрсетілетін қызметті алушы тапсырысын) жіберу;
8) 7 – үдеріс, электронды құжатты "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзiнің автоматтандырылған жұмыс орнында тiркеу;
9) 2 – шарт, қызмет көрсетушінің көрсетілетін қызметті алушымен қоса берiлген стандарттың 9 тармағында көрсетiлген құжаттардың және мемлекеттiк қызметті көрсету негiздемелерiнiң сәйкестiгiн тексеруi (өңдеуi);
10) 8 – үдеріс, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының бұзылушылықтары болғандықтан, тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9 – үдеріс, көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері арқылы мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн алуы.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үрдісінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері жүзеге асырады -10 минуттан көп емес.
11. Осы регламентке 1 – қосымшада портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтініш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгi (мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестігінің № 2 диаграммасы) көрсетілген:
1) көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрі және пароль арқылы порталда тiркеудi жүзеге асырады (порталда тiркелмеген көрсетiлетiн
қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу
үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрі мен парольдi енгiзу үдерісi (авторизациялау үдерісi);
3) 1 шарт – порталда тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы
мәлiметтердiң түпнұсқалылығын тексеру;
4) 2 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас
тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының осы регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне стандарттың 9 – тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тiркеу куәлiгiн таңдауы;
6) 2 шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрі мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген жеке сәйкестендiру нөмiрі арасында) тексеру;
7) 4 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушінің өңдеуi үшiн "электрондық үкiмет" шлюзі арқылы "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзiнің автоматтандырылған жұмыс орнына электронды құжатты (тапсырысты) жіберу;
9) 6 – үдеріс, электронды құжатты "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзiнің автоматтандырылған жұмыс орнында тiркеу;
10) 3 шарт – тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырылады;
12) 8 – үдеріс, көрсетiлетiн қызметтi алушының "электрондық үкiметтiң" аймақтық шлюзiнің автоматтандырылған жұмыс орнымен қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi анықтама) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушінің уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып қалыптасады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс–қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне1-қосымша |
Мемлекеттiк қызмет көрсетуде тартылған
графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестігінің № 1 диаграммасы
Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған
графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестігінің № 2 диаграммасы
"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекетті көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою"
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекiтiлген |
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және
балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 8 мамырда № 10981 тіркелген) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Жамбыл облысының барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының өтініші болып табылады.5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, тіркеу – 10 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастыру, мемлекеттік
көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау және қол қою – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру – 5 минуттан аспайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) кіріс нөмірі бар өтініш;
2) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен сәттен бастап стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына жолдайды – 10 минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және қол қояды – 15 минут ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді – 5 минут ішінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесіне ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс –
қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб – порталында www.e.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау"
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 107 қаулысымен бекітілген |
"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына
орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу үшін құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 15 мамырында № 11058 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес Жамбыл облысының облыстық, аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы лауазымына орналасу конкурсына қатысушының бос лауазымының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы конкурстық комиссияның шешімі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз жүзінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметтіберушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс–қимылды бастау үшіннегіздеме болып еркін нысандағы өтініш табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Мемлекеттік орта білім беру
ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі;
көрсетілетін қызметті беруші мен комиссия төрағасын, қоса алғанда саны кемінде 5 адамнан тұратын мүшелердің тақ санынан тұратын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:
1) қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау, талдау және тіркеу – 20 минуттан аспайды;
2) конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды жүргізу – 3 жұмыс күн ішінде;
3) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар ету – 3 жұмыс күн ішінде;
4) әңгімелесу өткізу – 5 жұмыс күн ішінде;
5) комиссияның қорытынды отырысын өткізу – 5 жұмыс күн ішінде;
6) конкурс қорытындысы туралы хабарлау – 3 жұмыс күн ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс–қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) тіркелген кіріс нөмірі бар өтініш;
2) комиссия отырысының хаттамасы;
3) әңімелесу туралы хабарлама;
4) әңгімелесу хаттамасы;
5) комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы;
6) конкурсқа қатысушының бос лауазым біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы шешім және/немесе Конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабарлама.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:1) комиссия хатшысы;
2) комиссия.
8. Әрбір рәсімнің (іс–қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс–қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) комиссия хатшысы қызметті көрсету үшін стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдау, талдау және тіркеуді жүргізеді – 20 минуттан аспайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі соғу оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады;
2) өтініштерді қабылдауды аяқтаған соң 3 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіп, нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың тізімін бекіту туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды;
3) комиссия хатшысы 3 жұмыс күні ішінде біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы және/немесе әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді;
4) комиссия 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді;
5) конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін комиссия 5 жұмыс күні ішінде қорытынды отырыс өткізеді және конкурсқа қатысушының бос лауазым біліктілік талаптарына сәйкес келуі туралы шешім шығарады;
6) комиссия хатшысы 3 жұмыс күні ішінде қатысушыларға конкурс қорытындысы туралы жазбаша хабарлайды.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету
орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
9. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету қарастырылмаған.10. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет қағаз нысанда көрсетілуіне байланысты мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелер пайдаланылмайды.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс–қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламентке 1–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб-порталында – www.egov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына
орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау"
Шартты белгілер:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.