Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 тамызда № 2304 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 251 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 11.04.2016 № 70/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуды мұқтаж ететін мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысанына қарамастан Лебяжі ауданының кәсіпорындарында және ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру арқылы мүгедектердің квота белгіленген жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Байжанов