РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2.
Қоса беріліп отырған мекеме туралы Ереже бекітілсін.
3.
Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3)
осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4)
осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Рахманбердиевке жүктелсін.
5.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің |
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет саласында бақылау функцияларын жүзеге асырады.
2.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, 2-ші Қазыбек би бұрылысы, 26 үй.
10.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11.
Осы Ереже «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.
15.
Міндеттері:
1)
мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды, лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуы;
2)
Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды;
3)
азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi;
4)
жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
5)
жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн;
6)
жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
16.
Функциялары:
1)
мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
2)
жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың жерлердің бар екені, жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуы;
3)
жер учаскелерін өз еркімен алуға жол бермеу;
4)
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;
5)
өздеріне жер учаскелерін беру жөніндегі азаматтардың өтініштерін (қолдаухаттарын) қараудың белгіленген мерзімін сақтау;
6)
жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың жердің құнарлылығын қалпына келтіру мен сақтау жөніндегі ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізу;
7)
жерлердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын және өндірістік объектілерді жобалау, орналастыру және салу;
8)
жерлерді жақсарту, топырақ эрозиясы, тұздалу, батпақтану, су басу, шөлдену, құрғау, қайта тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуына алып келетін басқа процестер салдарының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау;
9)
межелік белгілерді сақтау;
10)
жергілікті атқарушы органдар уақытша пайдалануға берген жерлерді уақтылы қайтару;
11)
бұзылған жерлерді рекультивациялау;
12)
жерлердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану;
13)
жерге орналастыру жобалары мен жерлерді пайдалану және қорғау жөніндегі басқа жобаларды бекіту;
14)
жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15)
анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындау үшін міндетті нұсқамалар беру;
16)
жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау;
17)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінде көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыздар дайындау және беру;
18)
егер құрылыс, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ осы жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру;
19)
жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Жер кодексінде белгіленген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен олардың арасында жасалған, жерді уақытша пайдалану туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
20)
пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
21)
мемлекеттік сатып алуда ұйымдастырушы болуға құқылы.
17.
Құқықтары мен міндеттері:
1)
жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
2)
Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
3)
Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
4)
Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
5)
қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн, оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
6)
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге;
7)
өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұруға;
8)
мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
9)
жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұруға құқығы бар.
10)
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы Ережеде белгіленбеген қызметтік мақсатына және міндетіне сәйкес келмейтін жұмыстармен тек қана өкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады.
Міндеттері:
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1)
Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға;
2)
жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi.
3)
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындауға міндетті;
4)
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттер жүктелуі мүмкін.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жамбыл облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1)
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2)
барлық органдарда «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
3)
келісім-шарттар жасайды;
4)
сенімхаттар береді;
5)
банкіде есеп шоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
6)
барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
7)
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
8)
қызметкерлерді марапаттау және жазалау шараларын қолдайды;
9)
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес өз құзыреттерi шегiнде жемқорлықпен күрес жүргізеді және заңда көрсетілген тәртіптік шараларды қолданады;
10)
қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлердің әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылған жағдайда оған жауапты болып табылады.
11)
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23.
Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24.
«Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.